Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония омикрон штамына байланысты шектеулерді күшейтті

Жапония омикрон штамына байланысты шектеулерді күшейтті

Жапония билігі эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты коронавируспен күрес шаралары күшейтілетін өңірлер санын екі есе арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау жөніндегі үкіметтік комиссия тағы 18 өңірде бұдан да қатаң шаралар қолдану туралы келісімге қол қойды, оның ішінде Осака және Киото батыс префектуралары да бар. Бұл шаралар омикрон туғызған инфекциялар мен ауруханаға жатқызу санының өсуіне жауап ретінде қабылданды. Дүйсенбіде Жапонияда 44 мыңнан аса жаңа жағдай тіркеліпті.



Шектеулер бейсенбіден, 27 қаңтардан 20 ақпанға дейін қолданылады. Режим тамақтану орындары мен басқа мекемелердің жұмысын шектеуді, сондай-ақ бұқаралық шараларды өткізуді шектеуді қамтиды. Жаңа шаралар аясында мейрамханаларға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, егер мекемелер алкоголь сатса, онда олар бір сағат бұрын жабылуы керек - 20.00-де.

Ресми түрде, шешімді кешке премьер-министр Фумио Кисида бастаған үкіметтік жұмыс тобы бекітеді.
Бұған дейін Жапонияда омикрон коронавирус штамы үш қауіп деңгейінің ішіндегі ең жоғарысы - "алаңдаушылық тудыратын нұсқа" (VOC) тағайындалған болатын.
25 қаңтар 2022 ж. 739 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930