Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Бүгіннен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

Коронавирус: Бүгіннен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

Қазақстан Республикасында «омикрон» жаңа штамының таралуына, сондай-ақ КВИ сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты шектеу шарасы күшейеді, деп хабарлайды sn.kz.
Коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілерінен басқа, жұмыс және демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге, сауналарға, моншаларға (вакцинацияның, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз кіру үшін «жасыл» қауіпсіз мәртебесі болуы тиіс.
Қабылданған шаралар омикрон коронавирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары деңгейіне байланысты негізделген. Айта кететін жәйт, ғалымдар «Омикрон»-ның жоғары жұқпалы, таралу және берілу жылдамдығы «Дельта» штаммынан 5 есе жоғары, жұқтырғандардың саны әр үш-төрт күн сайын екі есе артуы мүмкін екенін атап өтті. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатынын естеріңізге саламыз.
Соңғы тәулік бойынша республикада КВИ+ бойынша 9122 жағдай тіркелді. Енгізілетін шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеу үшін бағытталғанына назар аударамыз. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
14 қаңтар 2022 ж. 642 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 151

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 138

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 152

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031