Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді

Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді

Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.
"Осы аптада премьер-министр алдағы бірнеше айда COVID-пен күресу жөніндегі жоспарымызды айқындайды және онда вакциналау бағдарламасы тиімді екенін түсіндіреміз. Біз вакцинация паспортын енгізбеуіміз керек. Бұл жоспар енгізілмейтінін мәлімдегеніме қуаныштымын", - делінген хабарламада.
Мекемелер мен парламент депутаттары сынға алған бұл жоспар қыркүйектің аяғында енгізілуі тиіс еді. Жоспарға сәйкес Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық шараларға кіреберісте COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек болған. Іс-шараларға барудың тағы бір мүмкіндігі - ПТР-анықтамасын ұсыну.
Үкімет мұндай паспорттарды енгізу мүмкіндігі қосалқы нұсқа ретінде қалатынын айтты.
13 қыркүйек 2021 ж. 402 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031