Әлемде кофе қымбаттады
Арабика сортындағы кофе бағасы Нью-Йорктегі ICE Futures биржасының сауда деректеріне сәйкес 10 жылдық рекордын жаңартты, деп хабарлайды egemen.kz
Бұл туралы Lenta.ru сайты мәлімдеді.
Бұл туралы Lenta.ru сайты мәлімдеді.
Қарашаның ортасынан бері фьючерстер бір фунт үшін 2,2 доллардан (0,45 келі) жоғары болды. Бұған дейін осы көрсеткіштен жоғары кофе бағасы 2012 жылдың қаңтарында тіркелген. Сейсенбі, 16 қарашадағы сауда-саттық барысында желтоқсандағы фьючерстердің бір фунты 2,24 долларға дейін көтерілді.
Бағаның өсуіне ірі өндірушілер тарапынан жеткізілім болмауы себеп болды. Бразилияда аяз, құрғақшылық болды, Колумбиядағы дақылдар қатты жауын-шашыннан зардап шекті, ал Вьетнам экспорты жүк тасымалдау контейнерлерінің жетіспеушілігінен төмендеген.
АҚШ соңғы есебінде әлемдік кофе қоры былтырғымен салыстырғанда 77 пайызға төмендегенін айтты. Көлік шығындарының жоғары болуына, тыңайтқыштардың қымбаттауына және жұмыс күшінің тапшылығына байланысты кофе бағасы көтеріле береді.
Айта кетейік, қарашаның басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) азық-түліктің әлемдік бағасы рекордтық деңгейге көтеріліп, 2011 жылғы көрсеткіштен асып кеткенін хабарлаған болатын. Қазанда ең сұранысқа ие азық-түлік тауарларының әлемдік бағасының ауытқуын ай сайын қадағалайтын Азық-түлік бағасы индексінің орташа мәні қыркүйекпен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті.