Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда «Талибанға» қарсы лаңкестік жасалды

Ауғанстанда «Талибанға» қарсы лаңкестік жасалды

Бір адамның ажал құшқаны жарияланды. Ауғанстанның Асадабад қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Asvaka агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің дерегінше, қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Шабуылды ұйымдастырғандар «Талибан» радикалды қозғалысының содырларына шабуыл жасау үшін қастандық істеген деген болжамдар айтылуда. Жарылғыш зат көпір үстімен тәліптердің көлігі өтіп бара жатқан кезде іске қосылған көрінеді. Қастандық салдарынан кем дегенде 11 адам зардап шекті. Кунар провинциясындағы Шайтал-ва-Шинтан ауданының полиция басшысы қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында тәліптердің бар-жоқтығы әзірге белгісіз. 7 қазанда Ауғанстанның Хост провинциясындағы Мазхар әл-Улюм медресесінде (діни мектепте) жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Тағы 15 адам зардап шеккен болатын. Қастандықты кімнің жасағаны әлі күнге дейін белгісіз. 3 қазанда белгісіз біреулер Кабулдағы Идга мешітінің кіреберісіне жақын жерді жарып жіберді. Екі адам ажал құшып, тағы үшеуі жарақат алды. Жергілікті ІІМ мәліметінше, жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен үш адам ұсталды.

14 қазан 2021 ж. 446 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930