Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қауіпті аурудың екі жасырын белгісін анықтады

Ғалымдар қауіпті аурудың екі жасырын белгісін анықтады

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті медициналық мектебінің зерттеушілері бауырдың алкогольсіз майлы ауруының пайда болуына әкелетін екі жасырын белгіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Express басылымының ақпаратына сәйкес, қандағы билирубиннің жоғарылауынан терінің сарғаюы проблема туралы белгі бере алады. Өт пигментінің жоғары концентрациясы түтіктердің бітелуімен, жасушалардағы ауытқулармен және қабынумен байланысты болады.
"Майлы гепатозы бар адам көгеруді байқайды. Олар кішігірім жарақаттардан кейін пайда болуы мүмкін және бірнеше апта бойы емделеді. Симптомдар әсерінен дене сарғаюға немесе көгеруге бейім болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ғалымдар майлы гепатоз немесе алкогольсіз майлы бауыр ауруы бауырда артық май жиналғаннан пайда болатын ауру екенін айтты. Бұл салауатты өмір салтын ұстанбағаннан, дұрыс тамақтанбағаннан, тұқым қуалаушылық және дәрі-дәрмектердің кейбір түрлерін қабылдаудан пайда болады.
Сарапшылар егер емделмесе, кейбір жағдайларда ауру гепатоциллюлярлы карциноманың пайда болуына, яғни бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін екенін айтады.
14 қазан 2021 ж. 623 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031