Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас неліктен ауырады?

Бас неліктен ауырады?

Бас ауру деп бас не мойындағы жайсыздықты атайды. Басы жиі ауыратын адамдардың көбі өмір салтын өзгерткеннен, түрлі релаксация әдістерін игергеннен не дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін өзін жақсы сезінеді. Көп жағдайда бас ауруы иық, мойын, шаш түбі және иек бұлшықеттерінің ширығуына байланысты.
Ширығудан бас ауырудың себебі мынадай: 
• Күйзеліске не мазасыздыққа ұшырағанда, бас жарақатына немесе бас пен мойынның ыңғайсыз орналасуына байланысты болуы мүмкін;
• Бастың мұндай ауруы екі жақтан да сезіледі. Ол желкеден басталып, алдына қарай таралады. Бас сыздап немесе қысып ауырсынып, сондай-ақ иыққа, мойынға немесе иекке таралуы мүмкін.
Сақина тәрізді ауырсыну күшті болуы мүмкін. Ол әдетте, басқа симптомдармен бірге білінеді. Мысалы, дыбысқа немесе жарыққа сезімталдықпен қарап, жүрек айнуы мүмкін. Бас сақинасы кезінде:
• Бас солқылдап ауыруы мүмкін. Әдетте, ол бастың бір жағынан басталып, содан соң бастың бүкіл аумағына таралады.
• Бұл бас ауруының алдында пайда болатын белгілердің жиынтығы. Ауырсыну әдетте дене жағдайына қарай күшейеді.
• Бас сақинасы шоколад, ірімшіктің кейбір түрі немесе натрий глутаматы сияқты тағамдарды пайдаланған кезде туындауы мүмкін. Сондай-ақ, кофеин, ұйқының дұрыс қанбауы немесе ішімдікті бас сақинасына себебі болуы мүмкін.
Жанама бас ауруы – бұл үнемі қайталануға бейім бас сырқаты. Жиі ауырсынуды жеңілдететін дәрілерді шамадан тыс қолдану салдарынан пайда болады. Сол себепті оны дәрі-дәрмектерді шамадан тыс пайдаланғанда туындайтын бас ауруы деп те атайды. Мұндай ауырсыну препараттарды аптасына 3 күннен артық қабылдағанда дамуы мүмкін.
Бас ауруының басқа түрлері:
• Кластер бас ауруы – кенет пайда болатын, өте күшті бас ауруы. Ол бір айдың ішінде күніне бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Одан кейін біраз уақытқа тоқтауы мүмкін. Бас ауруы әдетте, бір сағатқа созылады және күн сайын бір уақытта қайталанады.
• Синус бас ауруы бастың алдыңғы бөлігінде және бетте пайда болады. Ол жақтың, мұрынның және көздің артында орналасқан қуыстың қабынуына байланысты. Ауырсыну таңертең және басты алға еңкейткенде күшейеді.
Сирек кезде мына жағдайлар бас ауруына себеп болуы мүмкін:
• Ми мен оның бетін жауып тұратын жұқа қабықшаның арасында қан кетуі (торлы қабық астына қан құйылу);
• Жоғары артерия қысымы;
• Мидың инфекциялық аурулары: менингит, энцефалит немесе абсцесс;
• Ми ісігі;
• Бас сүйегінің астында сұйықтық жиналуы, бұл мидың ісінуіне (гидроцефалия) себеп болады;
• Бас сүйектің ішіндегі қысымның артуы, бұл псевдотумороз синдромның пайда болуымен байланысты (ісік емес);
• Иісті газбен улану;
• Ұйқы кезінде оттегінің жетіспеуі (ұйқы апноэсі);
• Қан тамырларының аурулары: артерия-вена мальформациялары (АВМ), мидың аневризмасы, инсульт және миға қан құйылуы.
massaget.kz
27 қыркүйек 2020 ж. 874 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930