ДДСҰ безгекке қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреиесус БҰҰ денсаулық сақтау агенттігінің екі сараптамалық консультативтік тобының мақұлдауын «тарихи сәт» деп атады. RTS, S және «Москирикс» деген атпен белгілі безгекке қарсы вакцинаны алғаш рет 1987 жылы британдық GlaxoSmithKline (GSK) фармацевтикалық компаниясы жасаған. «Бұл – Африкада африкалық ғалымдар жасаған вакцина және біз оны мақтан тұтамыз. Бұл вакцинаны безгектің алдын алу құралы ретінде қосымша пайдалану жыл сайын ондаған мың жас адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін», - деді ДДСҰ бас директоры. 2019 жылдан бастап ДДСҰ Гана, Кения және Малавидегі 800 мыңнан астам балаға осы вакцинаның тиімділігін зерттеді. Безгек – бұл безгек масаларының шағуы арқылы адамға берілетін жұқпалы ауру. Ауру қызба, қалтырау, көкбауыр мен бауыр көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ анемиямен бірге жүреді. Жыл сайын оны шамамен 350-500 миллион адам жұқтырады. Оның ішінде 1,3-3 миллионға жуық адам көз жұмады. Негізінен бұл ауру Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде таралған.