Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа мемлекеттері ресейлік дипломаттарды елден шығаруға дайындалып жатыр

Еуропа мемлекеттері ресейлік дипломаттарды елден шығаруға дайындалып жатыр

  Шамамен Еуропаның 20 мемлекеті «мәскеулік шпион желілермен» байланысы бар деген күдікпен ресейлік дипломаттарды елден кетіруге дайындалып жатыр. Олар мұндай әрекетті Бас барлау басқармасының бұрынғы офицері Сергей Скрипальді улады деп Мәскеуді айыптаған Ұлыбритания билігін қолдау ретінде жасамақшы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.
  Ресейлік дипломаттарды елден шығару Ресейдегі Еуроодақ елшісі Маркус Эдерерді төрт аптаға шақыртып алғаннан кейін 26 наурызда басталады деген болжам бар. Бұл акцияға Франция, Германия, Польша, Ирландия, Нидерланды, Эстония, Латвия, Литва, Болгария, Чехия, Дания және тағы тоғыз ел қатысады.
  Бұған дейін британдық премьер Тереза Мэй Еуропа елдерін ресейлік дипмиссия қызметкерлерін отанына қайтаруға көндіруге тырысатынын мәлімдеген болатын.
  Еске сала кетсек, Сергей Скрипаль мен оның қызы 4 наурыз күні Солсбери көшесінде ес-түссіз жатқан күйде табылған. Кейінірек, олардың өте күшті затпен уланғаны белгілі болды, Тереза Мэй бұл іске Ресейді ресми түрде айыптаса, Мәскеу өз кінәсін жоққа шығарып отыр.

Baq.kz


24 наурыз 2018 ж. 1 537 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930