Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 200 миллионнан аса жағдай тіркелген. Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 дерегінің көпшілігі АҚШ-та (35 миллионнан аса), Үндістанда (31,8 миллион), Бразилияда (20 миллион), Ресейде (6,27 миллион), Францияда (6,27 миллион) және Ұлыбританияда (6 миллионға жуық).

Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясынан туындаған асқынулар салдарынан 4 252 873 адам қайтыс болған.
Университет мәліметінше, қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 228 884 979 дозасы бар.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс кедей мемлекеттер өз азаматтарына вакцина жетіспеген жағдайда, кем дегенде алғашқы компонентін алатындай етіп қайта вакцинациялауға уақытша мораторий енгізуге шақырған болатын.

05 тамыз 2021 ж. 456 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 62

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 116

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 124

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 88

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031