Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдардың 95%-ы вакцина алмаса, біз пандемияны тізгіндей алмай қаламыз

Адамдардың 95%-ы вакцина алмаса, біз пандемияны тізгіндей алмай қаламыз

Франция үкіметіне кеңес беретін денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар тобы халықтың 95%-ын вакциналау керек екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Француз мамандары COVID-19-дың дельта-нұсқасының таралуын тоқтату үшін ел тұрғындарына екпе салу керек деп санайды. «Дельта-нұсқамен байланысты пандемияның төртінші толқыны тез таралып, вакциналаудың қазіргі жоғары деңгейіне қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіне шығын келтіруі мүмкін», - деді ғылыми кеңестің өкілдері француздық БАҚ-қа. «Адамдардың 90-нан 95 пайызына дейін вакцина алмаса немесе инфекция жұқтырған болмаса, пандемияны қадағалай алмай қаламыз», - деп қосты мамандар. Қазіргі кезде Франция тұрғындарының жартысына жуығы вакцинаның бірінші дозасын, 40%-ы екінші дозасын алған. Республика үкіметі осы жылдың тамыз айының аяғына дейін Франция халқының үштен екісін – 35 млн тұрғынды толық қорғауды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Карантинді жеңілдету бойынша шаралардан кейін Францияда жұқтыру жағдайларының өсуімен байланысты ел президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні пандемиямен күрестің жаңа шаралары туралы хабарлайды деп күтілуде. Францияның ғылыми кеңесі алғаш рет Үндістан, Англия, Шотландия, Ирландия және Португалияда анықталған дельта-нұсқаның таралуын қадағалауды күшейтуге шақырды.
11 шілде 2021 ж. 795 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 124

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031