Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алып Аустралия

Алып Аустралия

Бүгін әдеттегідей «Жер-жиһан» айдарымен оңтүстік жарты шарындағы құрлық – Аустралиямен танысамыз. Ол жер көлемі бойынша 6 орынды иеленетін мемлекет. Аумағы шамамен 7,6 миллион шаршы шақырым болатын тұтас бір құрлықты алып жатыр. Әлемге Сидней опера театры, үлкен тосқауыл рифі, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше түрлерінің көптігімен танымал. Халқының 80 проценті жағалаудан 100 шақырым жерде өмір сүреді. Олар 200-ден астам тілде және диалектіде сөйлейді және оның 45-і байырғы халықтың тілі. Мемлекетте ағылшын тілінен бөлек, итальян, грек, кантон, араб, вьетнам, және қытай тілі кеңінен тараған. Астанасы Канберра Сидней мен Мельбурн қалаларының мәміле нәтижесінде пайда болған. Үкімет басшылары осы екі қаланың қайсысын астана етіп қоятындығын шеше алмағандықтан, астананы екі қаланың ортасына орналастырған.
Әлемнің ең ірі экономикалық орталықтарының бірі. Экономикасы негізінен тау-кен өнеркәсібі мен аграрлық сектордан тұрады. Сондай-ақ олар уран қоры бойынша әлемдік көшбасшы. Жер шарындағы ең үлкен трамвай желісі де осында. Олар бір жылда 20 миллион тонна бидай өсіреді. Әр тұрғынға шамамен 1 миллион тоннадан келеді.
Дамыған елдердің арасында Аустралияда мигранттар саны өте көп. Ондағы халықтың 25 проценттен астам өзге мемлекеттерде дүниеге келген. Қазірде мұнда ертедегі халқынан бөлек, 200 елден келген мигранттар ғұмыр кешуде.
Бұл елге жолы түскендер бірінші сондағы ерекше экологиялық жүйемен танысады. Одан соң адам қолы тимеген тропикалық ормандар, ежелгі құздар және керемет жағажайларды көруге болады.
Міне қызық, Аустралияда ЮНЕСКО-ның дүнежүзілік мұрасының 16 нысаны орналасқан екен. Олардың қатарында тарихи ауылдар, қалалар мен ландшафттар бар. Мұнда 1902 жылы әйелдерге дауыс құқығы берілген және олар Жаңа Зеландиядан кейінгі екінші мемлекет болды.
Әлемдегі ең үлкен ферма Онтүстік Аустралияда орналасқан. Ол – «Аnna Creek Station» фермасы. Ол 34 мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Бұл Бельгияның аумағынан 30,5 мың шаршы шақырым үлкен.
Аустралиялықтар әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда, құмар ойындарына ақша көбірек жаратады. Мәселен, мемлекеттегі ересектердің 80 проценті құмар ойындарға әуес. Дүниежүзіне белгілі покер ойыны автоматтарының 20 проценті осында орналасқан.
Халқының басым бөлігі спортты жақсы көретініне қарамастан, мемлекет семіздік деңгейі бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Тұрғындарының 26 проценті семіздіктен зардап шегеді. Ал халқының 63 проценті артық салмаққа ие.
Білесіз бе, бұл елде шарап жасайтын 60 өңір бар. Оны жасаушылар жылына 1,35 триллион шөлмек шарап өндіреді. Сондай-ақ электр қуатының бағасы әлем бойынша ең қымбат болып табылады.
Бұл елге адамдар қоныс аударып келмес бұрын Аустралия үлкен фаунаға арналған тіршілік ортасы болған. Мәселен, мұнда бойы 3 метр болатын кенгурулар, ұзындығы 7 метрлік кесірткелер, үлкендігі жылқыдай болатын үйректер мен көлемі қабыландай қалталы арыстандар мекендеген.
Жоғарыда айтып өткендей, ел жер әлемге опера театрымен танымал. Егер осы бір опера театрының шатыры желкендерін біріктірсе, мінсіз сфера пайда болады. Сәулетшісі мұның сызбасын саларда апельсин жемісін көріп отырып шабыттанған деседі.
Капитан Джеймс Кук Аустралияның шығыс жағалуына алғаш рет 1770 жылы аяқ басқан. 1778 жылы түзету мекемесін салу үшін құрлыққа британдық 11 кеме келген. Дегенмен қытайлықтар бұл құрлықты еуропалықтардан бұрын зерттеп тастаған екен. 1400 жылдары теңізшілері мен балықшылары теңіз қиярларын жинап, байырғы халықтарымен сауда-саттық жасау үшін осында келген.
1606 жылы Аустралияға аяқ басқан алғашқы еуропалық – голландиялық теңіз жүзушісі Вилем Янсзон болатын. Мұнан кейінгі 100 жыл ішінде мемлекетке басқа да голландиялық зерттеушілер келіп, карта жасап, оны New Holland, яғни Жаңа Голландия деп атаған екен.
Бұл мемлекетті жердің шетінде орналасқан мемлекет деп айтуға толықтай болады. Оның көршілес немесе шекаралас мемлекеттері жоқ. Өйткені жан-жағын мұхит қоршаған. Осы елді зерттеген жан мұнда әлемдегі сирек кездесетін әрі өте қауіпті жануарлардың көп екенін жақсы біледі. Әлем халқы кенгуру елі деп атайтын мұнда олардың саны халық санынан 3 есе көп.
Аустралия елінің азаматы заң бойынша сайлауда міндетті түрде өз даусын үміткердің біріне беруі қажет. Егер дауыс берушінің не себептен дауыс бермегені туралы нақты дәлелі болмаса, ол белгілі бір мөлшерде айыппұл төлейді.
Ондағы үйлер суық өткізгіш келеді. Қыс мезгілінде ауа температурасы +15 градустан төмендеген кезде үйлері де біршама суыта түседі. Сол себепті жергілікті климатқа ыңғайластырылған «угги» аяқ киімі пайда болған. Аустралиялықтар уггиді үй жағдайында да киіп жүре береді.
Әлемдегі ең улы жылан осы құрлықта өмір сүреді. Тайпан жыланының бір шаққанда 100 адамды о дүниеге аттандырып жіберетін қауқары бар. Сол секілді акулалардың кесірінен жылына бір адам мерт болады.
Футбол тарихындағы ең ғаламат жеңіс – Аустралия футбол құрамасына тиесілі. Олар 2001 жылы Самоа командасын 31:0 есебімен ойсырата жеңген.
Аустралия құрлығындағы қызықты мәліметтер легі осындай. Яғни, өзге елдерден ерекше ел жайында білгеніміз осы.

Дайындаған А.БАҚЫТҰЛЫ
14 сәуір 2021 ж. 2 183 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930