Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск шпиондықпен айланыса ма?!

Илон Маск шпиондықпен айланыса ма?!

Өткен жылы Тесла машинасының Қытайда 147 мың данасы сатылған.
Америкалық «Уолл стри журналының» жазуынша, Қытай тарапы Илон Масктың Тесла электро машинасы жүргізушінің жеке бас құпияларын, ұялы телефонмен байланысқан адамның да мәліметтерін, барған жерлерін уақытымен, бағытымен жазып, Америкаға жолдап отыруы мүмкін деп қарайды екен.
Мемлекеттік құпия мәліметтердің америкалықтардың қолына түсуінің алдын алу үшін олар әскери адамдарға, мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындар мен органдарда істейтін қызметкерлерге Тесла машинасын мінуге тыйым салған.
Ерекше маңызы бар орындарға да Тесла машинасының кіруіне шектеу қойған. Бұған пікір білдірген Илон Маск машинаны шпиондыққа қолдану ойында жоқ екенін, ондай қадамға барған күні бизнесінің құрдымға кететінін айтқан. Екі тараптың бір-біріне сенімі өте маңызды екенін, олай болмағанда әділ бәсеке мен ынтымақтастыққа нұқсан келетінін ескерткен. Қытайдың дүниедегі ең үлкен машина нарығы. Электро машинаның қайнаған бәсеке майданы екені белгілі. Өткен жылы Тесла машинасының Қытайда 147 мың данасы сатылған. Бұл – әлемдік сатылымының 30 пайызы.
26 наурыз 2021 ж. 2 503 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930