Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда қарттарға да вакцина салынады

Германияда қарттарға да вакцина салынады

Еуроодақтағы бірқатар ел AstraZeneca вакцинасын 65 жастан асқан адамдарға салудан бас тартқан еді. Франция, Италия, Бельгия мен Германия елдері екпені шығарушы компания оның әсерлілігі туралы аз ақпарат бергендіктен бас тартқан. Алайда 4 наурызда Германияның канцлері Ангела Меркель вакцинаға деген көзқарасы өзгергенін айтты. Бұл туралы ВВС арнасы «Covid: Германия 65 жастан асқандарға AstraZeneca вакцинасын салуға рұқсат берді» атты арнайы бағдарлама дайындады.
Арнаның хабарлауынша, Германия Oxford-AstraZeneca вакцинасына деген көзқарасын өзгертіп, егде жастағыларға аталған вакцинаны егуге рұқсат берген. Бағдарлама авторларының айтуына қарағанда елдегі денсаулық сақтау басқармасы аталған вакцинаны 65 жастан жоғары тұрғындарға егуге рұқсат бермегендіктен халық екпеге сенімсіздік танытқан. Соның әсерінен елде көптеген доза қолданылмай қалған.
Түрлі зерттеулер нәтижесі AstraZeneca вакцинасы егде жастағыларға да жақсы әсер ететінін дәлелдеген. Осыдан соң Бельгия үкіметі осы аптада Франциядан кейін қарттарға вакцина салдыруға рұқсат беретінін айтқан.
Әзірге германиялықтардың тек 5 проценті ғана екпенің алғашқы дозасын салдырған. Енді Меркель вакцина салдыратын адам қатарын көбейтуді көздеп отыр деп тұжырымдайды арна тілшілері.
ЕО-ның медициналық реттеушілері қаңтарда AstraZeneca вакцинасының барлық жастағы адамдарға әсер ететінін хабарлаған. Франция президенті Макрон қаңтарда «вакцина үлкен жастағыларға тиімсіз» деп жариялады. Алайда Ұлыбритания үкіметі бұл тұжырымдаманың жалған екенін айтты. Осы сөздер AstraZenecaның сатылымы мен вакциналау науқанының тұралап қалуына әкеп соқты.
Ал бұған дейін кез келген жастағы адамға тиімді деп екпе салуды бастаған Ұлыбритания алғашқы дозаны 20,7 млн адамға ұсынды. Осыған байланысты өткен аптада Неміс иммунология қоғамының басшысы Карстен Ватцл AstraZeneca екпесіне деген ойын өзгертуді сұрады.
ВВС арнасына берген сұхбатында ол атқарушы органға вакцинаны қарттарға салдыруға рұқсат беріп, Ангела Меркельге тікелей эфирде оның қауіпсіз екенін дәлелдеу керектігін айтты.
Вакциналау науқаны жоспардағыдай өтсе елде шектеу шаралары жеңілдетілмек. Бұл туралы канцлер AstraZeneca вакцинасын барлық жастағыларға салуға рұқсат беру туралы жиын өткізгенде хабарлады. «Жұқтырушылар қатары күрт көбейсе «шұғыл тежеу» шаралары қабылданады» деді Меркель. Сонымен қатар ол пандемияның жаңа толқыны басталғанын, оған жақсылап дайындалу қажеттігін айтты.

10 наурыз 2021 ж. 2 856 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 119

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 121

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031