Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман смартфондағы өте қауіпті қосымшаны атады

Маман смартфондағы өте қауіпті қосымшаны атады

Киберқауіпсіздік сарапшысы, америкалық Зак Доффман Forbes журналындағы мақаласында Android смартфондарының пайдаланушыларын "өте қауіпті" қосымшаны дереу жоюға шақырды, деп хабарлайды stan.kz.
Маман әлем бойынша 100 миллионнан астам қолданушы орнатқан SuperVPN қосымшасы (ақысыз және ақылы нұсқалар) туралы айтқан. Бағдарлама нақты IP мекенжайын ауыстырады және кейбір елдерде бұғатталған сайттарға кіруге мүмкіндік береді.
Доффманның айтуынша, құпиялылық пен қауіпсіздікті қорғауға уәде беретін қызмет керісінше жұмыс істейді. Сарапшы SuperVPN-ді зиянды шпиондық бағдарламалық жасақтаманы жасырғаны және деректердің жайылып кеткені үшін айыптады.

Смартфон үстіне түсіп кеткен: Жасөспірім жуынып жатып көз жұмды
Маман CyberNews тобының ақпан айындағы зерттеуіне сілтеме жасайды, онда хакерлер форумында пайдаланушылардың дерекқорларын сатудың кем дегенде үш әрекеті тіркелген. Олардың барлығы кезінде SuperVPN қосымшасын жүктеген.
Сонымен қатар, CyberNews командасы Google Play дүкенінде әртүрлі бағдарламаушылардың бірдей сипаттамалары мен логотиптері бар кем дегенде алты ұқсас қосымшалар бар екенін ескетті.
Зак Доффман VPN орнатқысы келетіндерді дәлелденген шолулары бар танымал әзірлеушіні таңдауға шақырды. Сондай-ақ, ол тегін қосымшалардан аулақ болуға кеңес берді.
07 наурыз 2021 ж. 2 444 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930