Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады

ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады

Коронавирустық инфекция пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, бұл жыл да коронавируспен арпалысумен өтеді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады. «Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді», – деді Клюге.Солай десек те, ол өзінің болжамын ғана айтып отырғанын және пандемияға байланысты жағдайдың қалай өрбитінін әлі ешкім болжай алмайтынын ескертті. «Қалай болғанда да вирус қалады, бірақ шектеулер қажет емес деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама», – деп қосты ДДҰ өкілі.ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек, 22 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын 110 974 862 адамның жұқтырғаны расталды. Індет салдарынан 2 460 792 науқас қайтыс болды. Олардың көпшілігі АҚШ пен Үндістан және Бразилияда тіркелді.
Ал Қазақстанда аталған індетке 208 809 адам шалдықса, 192 733 науқас жазылып шықты. 2 540 пациент қайтыс болды.
23 ақпан 2021 ж. 2 521 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 155

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031