Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гаага қаласында жергілікті халыққа Абай кітаптары таратылды

Гаага қаласында жергілікті халыққа Абай кітаптары таратылды

Бүгін Гаага қаласында Qazaq House Foundation Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Алғыс айту күніне арналған «Stay warm, drink kazakh tea» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды www.inform.kz.
Бұл жайында елшіліктің Facebook парақшасы мәлімет таратты.
Осы шара аясында қала тұрғындарына ұлттық дәстүрдегі ыстық шай мен тоқаштар түріндегі тәттілер ұсынылды.
Келушілерге Қазақстандағы Алғыс айту күнінің тарихы мен мерекесі туралы айтылды және оларға ұлы Абайдың нидерланд тіліне аударылған «Қара сөздер» кітабы сыйға тартылды.
Алғыс айту күні Қазақстанда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 наурызда атап өтіледі.
Бұл күні достық атмосферасын құрып, халықтар бірлігін нығайта отырып, этностардың бір-біріне деген мейірімі, төзімділігі мен құрметі еске алынады.
Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері достық пен келісімде өмір сүреді.
«Пандемия кезінде күн сәулесіндей болған жағымды эмоцияларға, энергияға және күлімсіреуге толы күнді бізбен бөліскендердің барлығына зор алғысымызды білдіреміз» дейді елшіліктен.
21 ақпан 2021 ж. 2 595 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031