Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түріктердің минадан тазалау машинасы сынақтан сәтті өтті

Түріктердің минадан тазалау машинасы сынақтан сәтті өтті

Түркияның ASFAT компаниясының мамандары құрастырған минадан тазалау машинасы сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Робот машинаның негізгі міндеттері – мина көмілген аумақты барлау, минадан тазалау. Кері шегінген немесе жаудан қорғану үшін көмілген минаға түскен адамның тірі қалуы екіталай. Тірі қалған күннің өзінде қол-аяғынан айырылып мүгедек болып қалады. Минадан тазалаумен тікелей айналысатын саперлер қатерге басын тігіп жатады. Ал bbc.com ақпарат көзінің келтірген дерегіне үңілсек, осынау аса қауіпті, жасырын жарылғыш құрылғы әлемнің 60-тан аса елінде жер астында жатыр. Олардың жалпы саны 110 млн-нан асады.
Кезіндегі соғыс пен қарулы қақтығыстан тазаланбай қалып қойған. Әсіресе, соғыстан көз ашпаған Ауғанстан, Сирия, Босния, Лаос, Камбоджа, ангола, Либия, Мьянма секілде елдер аумағында өте көп. Бір ғана 2015 жылы әлем бойынша минаның жарылуынан 6500-ге тарта адам бақилық болған және кемтар болып қалған.
1997 жылы жаяу әскерге қарсы минаны қолдануға тыйым салу қарастырылған конвенцияға әлемнің 162 елі қосылған екен. Аталмыш құжатта қарастырылған талаптарға сай бұл конвенцияға қол қойған елдер минаны жасамауға, сақтамауға, қолданбауға, таратпауға міндеттеме алған. Ал бұл конвенцияға қосылмаған елдер, соның ішінде АҚШ-та, Ресейде, Қытайда, Үндістанда, Пәкістанда, Оңтүстік Кореяда, Мьянмада мина әлі күнге дейін жасалады. Мина ең көп көмілген Ауғанстан аумағы тек 2023 жылы ғана минадан толық тазартылуы мүмкін – осы заманғы озық техника мен технологияның және спутниктің көмегімен.
islam.kz
09 ақпан 2021 ж. 2 674 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930