Медицинада жастарға қатысты жаңа диагноз пайда болды

Әдетте ауыр жұмыс істейтіндер ерте қартаяды деп жатады. Бұл түбірімен қате пікір екенін соңғы зерттеулер растап отыр. Өйткені, ашық аспан астында қара жұмыс істейтіндер ұдайы қимыл-қозғалыс үстінде болғандықтан әрі таза ауада еңбек ететіндіктен сирек сырқаттанады, олардың өмір сүру жасы ұзағырақ болады. Керісінше кеңседен шықпайтын мамандық иелері арасында аталған диагнозға шалдыққандар қарасы көбейіп келеді. Мұндай мамандықтар қатарында редактор, бухгалтер, программист, дәрігер, т.б. жабық ғимараттың ішінде көп қимылдамай отырғандықтан семіздік індетіне, сусамырға, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығып, омыртқаға күш түседі, стресс алады. Организм жаратылысына қайшы режимде көп уақытын өткізетіндіктен дене белсенділігі жоғалып, зат алмасу процесі баяулап, бұлшық ет тонусы төмендеп, ерте қартаяды.