Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Марсты межелеген Маск

Марсты межелеген Маск

Шілде айында «Crew Dragon» халықаралық ғарыш станциясына сәтті қонды. Тарихта бірінші рет мұны мемлекет емес, Илон Масктың басшылық ететін «SpaceX» компаниясы жеке ғарыш кемесін жасады. XXI ғасырдың өнертапқышы ретінде танылған бұл жігіт қазірдің өзінде Николо Тесла, Альберт Эйнштейндермен бірге айтылатын данышпандар қатарында. Бүгін біз оқырман назарына Масктың басқа салаларда төңкеріс жасаған жаңалықтарын ұсындық.

PayPal
Біреулер оны адамзаттың жаңа дәуірін ашатын данышпан деп санаса, енді біреулері аудиторияны өзінің мінез-құлқымен және мәлімдемелерімен таң қалдыратын есерсоқ ретінде қабылдайды. Дегенмен бұл адамның біздің әлемді өзгерткенін жоққа шығара алмаймыз. Осы жылы қатаң карантин кезінде әрбір адам интернет-дүкеннің қыр-сырын жетік меңгерді. Себебі бұған мұқтаждық баяғыдан да жоғары. Енді сізге сауда орталығына да барып, бірнеше сағат бойы дүкендерді аралап, ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Мейлі ол киім, техника, тамақ болса да, интернеттен қалаған нәрсеңізге тапсырыс беріп, төсектен тұрмай сауда жасауға болады.
1999 жылы бұл туралы ойланған жан бар ма? Мұндай адам бар. Ол әрине Илон. Сол уақытта 28 жастағы бизнесмен алғашқы компьютерлік компаниясын 300 миллион долларға саудалаған. Тапқан табысын электронды төлем жүйесіне салуды жөн көріпті. Компьютерге қатысты идеясы мен тәжірбиесі мол өнертпақыш интернет арқылы аз процентке қызмет атқаратын делдалдық платформа құруды жоспарлаған. Көп ұзамай 300 миллионын құйған X.com компаниясы стартап жоба Confinity-мен бірігіп, қазір бүкіл әлемге танымал PayPal-ды құрды. Бұл оның болашаққа жасаған үлкен баспалдағы еді.
SpaceX
Данышпан жандар бір жерде ұзақ тұрақтап қала алмайды. Оларға жаңа драйв, тәуекелге баратын тағы бір адым ауадай қажет. PayPal-дағы үлесін 2002 жылы Ebay-ға сатып жіберген Илон Маск ғарышты ­жаулап алып, Марсты отарлау туралы ойлана бастайды. Ғарыш кемесін жасайтын алғашқы жеке компания SpaceX-тің негізі осылай қаланды. Маск ең алдымен өзіне дейін жасалған, бірақ ешқашан өндіріске енгізілмеген зымыран тасығыштармен жұмыс істеуді мақсат етеді. Мұндағы ой –адамзаттың ғарышқа саяхатын шындыққа айналдыруға көмектесу. 18 жыл ішінде компанияның қол жеткізген нәтижелері шынымен де әсерлі. SpaceX компаниясы жеңіл салмақты «Falcon 1» зымыран тасығышын, «Falcon 9» орта класты зымыран тасығышын, «Falcon Heavy» ауыр зымыран тасығышын сәтті жасап шығарды және ғарышқа ұшырды. Масктың НАСА-ның тапсырысы бойынша жасаған ғарыш кемесі Dragon туралы айтпай кетуге болмайды. Ол аталмыш ұйыммен келісімге отырған бірінші бизнесмен. Қазірдің өзінде Жерден ХҒС-қа және кері қарай жүк жеткізу үшін қолданылады. Оның жолаушылар тасымалына арналған жаңа нұсқасы Dragon 2 бір уақытта 7 ғарышкерді тасымалдай алады. Илон Маск айдаһарды Марсқа ұшатындай етіп одан әрі жетілдіруді ­жоспарлап отыр.
3D транспорт жолы
Мінезі момын деуге келмейтін кейіпкер Лос-Анджелестегі кептеліс пен қолданыстағы 2D көлік желісіне байланысты қозғалыс шектеулері әрдайым ашуына тиетінін қаншама рет айтқан. Әрине оның қолынан келетіні өзіне кедергі жасаған дүниені дамыта салу. Шыдамы таусылған Маск 2016 жылы футуристік және көп деңгейлі жерасты туннель жүйесін жобалаған The Boring Company-ді құрды. «Трафикті шаршататын мәселені шешу үшін жолдар 3D форматында болуы керек. Бұл ұшатын машиналарды немесе туннельдерді білдіреді», – дейді өнертапқыш.
2018 жылдың соңында The Boring Company Лос-Анджелес маңында алғашқы сынақ туннелін ашып, Tesla Model X арқылы тест жасады.
2020 жылдың мамырында компания Лас-Вегасқа адамдарды тасымалдау үшін «LVCC Loop» жылдамдығы жоғары жерасты жүйесінің құрылысын аяқтады. Қазір Boring Company жобаның соңғы кезеңі станцияларды орналастырумен айналысуда.
SolarCity – күн қалашығы
SolarCity – Tesla Motors-тың еншілес компаниясы. Күн энергиясын жобалап, қаржыландырумен және орнатумен айналысады. Идеясы өте қарапайым, бірақ қарқыны қатты. Компания үйлердің, дүкендердің және кеңселердің төбесінде орнатылған шағын күн электр станцияларын шығарады. Тұтынушылар өнімнің өзі үшін де, оны орнатқаны үшін де ақы төлемейді. Бұл шығындардың барлығын SolarCity көтереді. Келесі 20 жыл ішінде тұтынушылар ай сайынғы энергия төлемдерін ғана төлеуді мойнына алады. Бұл компанияға не үшін қажет? Осылайша SolarCity адамдарға күн электр станцияларын пайдаланудың артықшылықтарын ақшаны үнемдеу және зиянды қалдықтардан арылу арқылы қоршаған ортаға көмектескісі келеді. Ал 2016 жылы SolarCity Tesla Motors-пен бірлесіп, 600 адамы бар Американың Самоа аралын күн энергиясымен қамтамасыз етіп, ауқымды тәжірибе жүргізді. Олар 5328 күн панелін және 60-қа жуық батарея жүйесін орнату арқылы барлық ғимараттарды электрлендірді. SolarCity бұл тәжірибе басқа елдер мен қалаларды таза энергия көздерін пайдалануға шабыттандырады деп үміттенеді.
Жүрдек пойыз
Hyperloop – 2013 жылы ұсынған жүрдек пойыз жобасы. Оның идеясына сәйкес ұшақтан 2 есе, жүрдек пойыздан 3-4 есе жылдам қозғалатын көлік. Hyperloop көмегімен Лос-Анджелестен Сан-Францискоға 561 шақырымға жету үшін 30 минут, ал Мәскеуден Санкт-Петербургке 650 шақырымға 33 минутта жетуге болады. Илон Маск жобаның тұсаукесерінен кейін оны бүкіл әлемге сыйға тартты. Бұл әрекеті арқылы тек қалтасының қамын ойлайтын кезекті бір Форбес тізіміндегілерден емес екенін дәлелдеді. Ол Hyperloop идеясын 58 параққа егжей-тегжейлі сипаттамасын жариялап және барлық қызығушы жандарға оны жүзеге асыруда өз күштерін сынап көруге мүмкіндік берді. Жобаға әртүрлі елдердегі көптеген ірі ұйым қызығушылық таныта бастады. Қазіргі уақытта АҚШ-та, Дубайда және Қытайда Hyperloop үшін туннельдер жасау жұмыстары жүріп ­жатыр.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
24 қараша 2020 ж. 727 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930