Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар көру қабілетін толық қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты

Ғалымдар көру қабілетін толық қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты

Австралияның Монаш университетінің ғалымдары көздің жұмысын толығымен қалпына келтіруге қабілетті Gennaris бионикалық көру жүйесін жасап шығарды, деп жазды Daily Mail.
«Біз көзі мүлдем көрмейтін адамдардың көру қабілетін қалпына келтіру туралы айтып отырмыз. Ол үшін бионикалық көз имплантталады», - деп хабарлады әдістің авторлары.
Айтуларынша, бионикалық көзге салынған камера сигналдарды микропроцессорға жібереді, ал ол алынған кескіндерді тікелей миға жібереді.
Gennaris бионикалық көру жүйесі көздің тор қабығынан мидың «көру орталығына» жіберілетін сигналдарды тежейтін зақымдалған көру нервтерін айналып өте алады.
Аталған әдіс арқылы адам үйдің ішінде және далада өздігінен бағдар жасай алады және айналасындағы адамдар мен заттарды көре алады.
24.kz
06 қараша 2020 ж. 1 008 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031