Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даңқты Дания

Даңқты Дания

Дания – әлемдегі монархиялық құрылымы сақталған санаулы елдердің бірі. ХІХ ғасырда Дат монархиясының билігі үстем болып, Еуропаның солтүстігіне толық иелік еткен. Аталған ел Еуропада орналасқанымен, еуропалық Одаққа мүше болудан бас тартқан. Себебі өз валютасының құнын ұстап тұруды мақсат еткен. Ал әрі қарай Дания мемлекеті туралы өзге де қызықты мәліметтерге қанық болғыңыз келсе, мақаланы соңына дейін оқып шығыңыз.
Дания Орталық Еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Астанасы – Копенгаген. Жалпы бұл ел солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 шақырым және шығыстан батысқа қарай 480 щақырымға созылған. Дания аумағы Гренландия мен Фарер аралын қоспағанда 43 093 шақырымды алып жатыр. Мемлекеттің үлкен бөлігі Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500 арал кіреді. Олар негізінен Ютландия шығысында, Балтық және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан. Бұл ел жер көлемі жағынан әлем бойынша 130-шы орында.
Елдің өнеркәсіп құрылымы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылық, орман шаруашылығы және балық ұқсату саласы болатын. Айта кетейік, оларды даттықтар деп те атайды.
Дания халқының ерекшеліктері туралы сөз қозғалғанда ең алдымен сол елдің салт-дәстүрімен танысқан жөн. Олар Еуропадағы дамыған елдердің біріне жататындықтан, басқа да еуропа елі сияқты кез келген туристтерге толерантты болып келеді. Онда тұратын адамдар өздерінің қонақжайлылығы мен ежелгі дәстүрге құлшынысымен ерекшеленеді. Әрбір отбасы сол дәстүрді ұстап, көпшілікке насихаттауға тырысады. Осы ретте олардың ең танымал және әдеттен тыс дәстүрі мен әдет-ғұрыпына тоқталайық.
Дания тұрғындары заңды ерекше қатаң сақтайды. Бұл елдегілер әлемдегі ең үлкен салықтарды төлейді. Және ешбір тұрғын оған қарсы емес керісінше, бәрін уақытында жасап отырады. Тек футбол жанкүйерлері мен автокөлікшілер үшін жеңілдік бар. Сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Ал ресми іс-шараларда дұрыс әрі сәнді киінген жөн. Сондықтан жергілікті тұрғындар әдемі киінгенді жақсы көреді.
Ал қонақжайлығына келер болсақ, олар қонақ ретінде сізді шақырған жағдайда, үй иелеріне терең құрмет көрсету керек. Қонаққа барған үйге базарлық апарған дұрыс. Мысалы, үй иесіне шарап, балаларына ойыншық, тағы да басқа сыйлықтар алған жөн. Даниялық отбасылар өте мейірімді болып келеді. Түскі немесе кешкі асқа адамдарды көп шақырады. Алайда себепсіз шақырған жерге бармасаңыз одан кейін ешқашан қонаққа шақырмауы мүмкін.
Даниялықтар жайлы сөз еткенде ең бірінші ойға викингтер оралуы мүмкін. Сондықтанда олар жыл сайын Викинг фестивалін өткізеді. Бұл мереке маусым немесе шілде айының басында Фредерикссунеде өтеді. Ол Зеландия аралында орналасқан. Онда 200-ге жуық даниялық өздерінің ұлттық киімін киіп, әртүрлі көрініс көрсетеді. Даниядағы барлық мереке «Викинг» стилінде болады. Соған байланысты ұлттық тағамдар ескі рецепт бойынша дайындалады. Сонымен қатар жылқы сату жәрмеңкесі «Яллерупе» өтеді.
Даниядағы ең қызықты мерекелердің бірі – Ханс. Ол әр жылы 23 маусымда тойланады. Және дәстүрге сай осы күні халықтық фестиваль ұйымдастырылады. Бұған қоса ата-бабаларын еске алу құрметіне теңіз жағасында үлкен от жағады. Барлығы басына жиналып би ­билеп, ән салып, үлкен кеш ұйымдастырады.
Ондағы мереке күндерін тізбектеп айта беретін болсақ өте көп. Солардың бірі – Рождество – Дания елінің басты мерекесі. Басқа Еуропа елдері сияқты барлық отбасы мүшелері жиналып бірге қарсы алады. Жаңа жылдық шыршамен қатар қолмен арнайы мерекелік тролль жасалады. Рождество шыршасы шын жүректен түрлі шаммен безендіріледі. Ол түні бүкіл отбасы қызыл қырыққабат, картоп және күріш пудингі, кілегей және шие соусы бар қуырылған үйректі дайындайды. Жұмыс орнында Рождестволық ерекше ойын – «Julefrokost» атап өтіледі. Бұнда адамдар ән айтып би билейді.
Данияның кейбір тойға байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрпы шетелдіктер үшін бір түрлі көрінуі мүмкін. Соның бірі үйлену тойына бара жатқан жас жұбайлар жолда қарғаны көрсе, қайтадан үйге барып белгілі бір ырым жасауы керек. Онда екі жас жұбайдың үйленбеген туысы сол қарғаны қуып жіберу қажет.
Сондай-ақ Данияда 25 жастан асып, бірақ үйленбеген болса оларға жеке-жеке ырымдар бар. Дәстүр бойынша сол бойдақтарды үстелге отырғызып, басынан аяғына дейін арнайы дәмдеуіштерді шашады. Бұрында сол иіс арқылы кімнің үйленбегенін білген. «Естімеген елде көп» демекші, ондағы бұл дағдыларды енді сіз де білесіз.
Мұнда ақылға қонбайтын дәстүр жыл сайын екі рет өтіп отырады. Оның бірі – «Қара дельфиндерді өлтіру» деп аталады. Бұл үрдіс елде Х ғасырдан бастап келе жатыр. Көбінесе оқиға Фарер аралында өтеді, бұл ер балалардың ересек өмірге өту кезеңі. Жасөспірімдер әртүрлі құрал арқылы дельфиндерді өлтіруі тиіс. Әрине мұндай дәстүр барлық әлем үшін таңғалдыратын жағдай. Зоо-қорғаушылар әр жыл сайын мемлекет петиция жазуда. Бірақ Дания үкіметі бұл қатыгез жағдайды тоқтата алмауда. Себебі біршама уақыт бұрын Фарер аралы жеке тәуелсіздігін алған. Сондықтан оған тек БҰҰ ғана шектеу қоя алады.
Дания елімен танысу барысында тағы да қызықты мәліметтерге қанықтық.
Дат елі пластикалық бөтелкелерді қоқысқа тастамайды. Себебі бір бөтелке су сатып алатын болсаңыз, суға 20 крон, бөтелкеге 22 крон төлеуіңіз қажет. Ал бөтелкенің құны арнайы пластика өткізетін орталыққа қайтарылады екен.
Дания әлемдегі ең бақытты адамдар өмір сүретін ел болып саналады. Англияның Лестер университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесі дат халқын әлемдегі ең бақытты адамдар екенін көрсетті.
Стрёгет – Еуропадағы ең ұзын шоппингтік көше. Копенгаген қаласындағы бұл көшеде сауда жасауға үйреніп қалған еуропалықтар Данияның еуро валютасын пайдалануға шақырады. Дат үкіметі мұнымен келіспейтінін білдірген. Дания Еуропалық Одақтың құрамына кірмейді және өз валютасын қолданады. Дат кроны – ең көне қағаз валютаның бірі.
Тиволи – Данияда орналасқан Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық саябағы. Кезінде Уолт Дисней аталған баққа келіп, осыған ұқсас жоба жасауды ойластырған. Нәтижесінде Париж бен Атланта қалаларында Диснейленд саябағын салдырған.
Дания азаматы балаларға арналған LEGO ойынын құрастырған. «LEGO» дат тіліндегі «leg godt» сөздерінен шығып, «жақсы ойна» деген ұғымды береді.
Копенгаген тұрғындары метро арқылы күніне 660 мың шақырым жүріп өтеді. Ал велосипедпен одан екі есе жолды өткереді екен. Бұл әлеуметтік үрдіс экологиялық мақсатта жолға қойылмаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бензин тапшы болып, даниялықтар жаппай велосипед қолдануға көшеді. Қазіргі кезде бензин жеткілікті болса да, адамдар велосипедпен жүруге бейімделіп кеткен.
Копенгаген қаласының картасын сатып алсаңыз, қоғамдық көліктерде бір күн жолақы төлемейсіз. Сонымен қатар қалада орналасқан 62 музейге де тегін кіру мүмкіндігіңіз болады. Одан бөлек жылдам тамақтану мейрамханаларында 20% жеңілдік ала аласыз. Бұл елге келетін туристердің санын арттыру мақсатында ойластырылған.
Дания мен Швеция арасын бірегей сүңгіме көпір Эресунн бөліп тұр. Ол картадан қарағанда жіңішке болып көрінеді, ал шын мәнінде оның ені 16 шақырымға тең. Бұрын екі ел бір-біріне паромдар арқылы қатынайтындықтан оған уақыт көп кететін. Сол себепті көпір салу шешімі қабылданады. Көпір төрт жолақты автомагистраль мен теміржолы бар екі деңгейден тұратын ғаламат құрылым болып табылады. Ол жасанды аралда аяқталып, жер асты тунельге кіріп кетеді. Жақын орналасқан Копенгаген әуежайына қонуға келе жатқан ұшақтарға және кемелердің еркін, кедергісіз өтулері үшін осындай ерекше құрылым таңдалған.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
27 қазан 2020 ж. 863 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930