Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр түрлі әлде әртүрлі

Әр түрлі әлде әртүрлі

Белгісіздік есімдіктерінің дұрыс жазылуынан қате жібермейтіндер кемде кем. Бүгінгі материалымызда есімдіктер емлесін ары қарай жалғастырамыз.
Есімдіктердің екі түрі бар: болымсыздық және белгісіздік.
Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері бірге жазылады.
Есімдік + есімдік = бірге жазылады
Есімдік + сын есім = бірге жазылады
Соңғы формулаға әртүрлі сөзін жатқыза аламыз.
Әр белгісіздік есімдігінің сөз таптармен тіркесуіне тоқталайық.
Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады.
Төменде әр есімдігінің бірге жазылатын және бөлек жазылатын тұстарын көрсеттік. Жиі кездесетін қате әртүрлі сөзінің жазылуына қатысты. Түрлі сөзі сын есімнен болғандықтан ереже бойынша әр- мен тіркескенде бірге жазылады. Сол сияқты, әрне, әрбір, әрқалай, әрқилы, әркелкі, әркез, әрқайсы сөздері де бірге жазылады.
Тіркесетін сөз табы зат есімнен немесе басқа сөз табынан болса, бөлек жазылады. Мысалы: әр зат, әр нәрсе, әр адам, әр уақытта.
Есімдік + басқа сөз табы = бөлек жазылады.
stan.kz
19 қазан 2020 ж. 4 250 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031