Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауық етін әзірлеудегі қателік

Тауық етін әзірлеудегі қателік

Бактерия тарайды – ет пісірудегі басты қателік белгілі болды. Дүкеннен алынған тауықтан сорпа пісірмеген жөн. Бұл үшін үй құсын пайдалану қажет. Сондай-ақ, тауық етін міндетті түрде қызып тұрған табаға салу керек.
Тауық етін пісірудегі кең тараған бірнеше қателік анықталды.
Етті, тауық етін және балықты жууға болмайды. Өйткені олардың бетіндегі бактериялар судың микро тамшыларымен бірге барша ас үйге таралады, деп хабарлайды Baltijas Balss басылымы.
"Сондықтан мұндай әдеттен арылу керек. Етті қағаз орамалмен сулап, сүртуге болады", - деп жазылған мақалада.
Мұнымен қоса, тауық етін міндетті түрде қызып тұрған табаға салу керек. Өйткені таба қыздырылмаған болса, ет жабысып, талшықтары үзіліп кетеді.
Дүкеннен алынған тауықтан сорпа пісірмеген жөн. Бұл үшін үй құсын пайдалану қажет.
Тағы бір қателік - қайнаған соң сорпаны төкпеу.
"Етті жууға болмайды. Алайда бірінші қайнаған соң сорпаны төгу керек. Мұның арқасында бактериялардан және еттегі антибиотектерден арыласыз", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, кейбір адамдар тым аз уақыт пісіреді. Тауық тез дайын болады, бірақ өте асыққан кезде сальмонелла жұқтыру қаупі бар.
Тауықты қысқа толқынды пеште жібітуге болмайтыны айтылып отыр. Өйткені бұл пеш бір жағын тым қатты ысытып, бір жағын жібітпеуі мүмкін. Бұған қоса, тауықты ыстық суға салмаған дұрыс. Оның бетінде бактериялар жылдам тарайды. Ең дұрысы, етке суық су құйып қою.
Тағы бір құпия - суық суға салып пісірген ет дәмдірек болады. Өйткені ыстық суға суық етті салғанда, температура айырмашылығына байланысты ет қатты, дәмсіз болады.
14 қазан 2020 ж. 613 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930