Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жээнбеков президенттік өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?

Жээнбеков президенттік өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?

Сооронбай Жээнбеков президенттік өкілеттігін тоқтатса, оның орнын Қырғызстан парламенті сайлаған премьер-министр Садыр Жапаров отыруы мүмкін. Рәсімді "Әділет" құқықтық клиникасының басшысы Чолпон Жақыпова түсіндірді.
Оның айтуынша, конституция бойынша президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенеш төрағасына (спикерге) өтеді. "Бірақ төраға қазір жоқ. Мирлан Бакиров вице-спикер. Оны ешкім спикер етіп сайлаған жоқ. Негізгі заңға сәйкес, президент отставкаға кеткенге дейін парламент төрағасы анықтамаса, онда Садыр Жапаров премьер-министр ретінде мемлекет басшысының міндетін атқарады", - деп түсіндірді Чолпон Жақыпова.

Еске салайық, жақында бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.
Ол барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.
"Барлық міндеттеме орындалады. Біз әлеуметтік жағынан өсуіміз керек, дәрігер мен мұғалім мамандығының беделін көтеру керек", - деді Садыр Жапаров.
11 қазан 2020 ж. 739 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 250

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031