Жер бетінде жаңа мұхит пайда болуы мүмкін

Олардың есептеріне сәйкес, Африканың шығыс бөлігінде бес-он миллион жылдан кейін тектоникалық ыдырау пайда болады және континент екі бөлікке бөлінеді.
Негізгі нысан – үш тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан Эфиопияның Афар аймағында орналасқан аумақ. Олар баяу бір-бірінен алыстап жатыр. Осылайша, 2005 жылы сол жерде жарықшақ пайда болды, оның ұзындығы 56 шақырымға жетті.
"Бұл құрлықтық рифт мұхиттық рифт болып қалыптасуын зерттей алатын жердегі жалғыз орын", – деді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің профессоры Кристофер Мур.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жарықшақ көтеріліп жатқан магманың қысымынан пайда болуы мүмкін. Қазір олар GPS арқылы плиталардың қозғалысын қадағалап жатыр.