Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аурудан айыққан елдер

Аурудан айыққан елдер

Кеше ғана мамыражай күн кешіп, жазғы демалыста қай елге саяхаттаймын деп алаңдайтын жұрттың бүгінгі күні адам сенгісіз екені рас. Оның орнына төрт қабырғалы бөлмеде қамалып, шынайы бақыт шетелде емес, өкпемен демалу екенін түсінгенімізбен коронавирус оған қарап тұрған жоқ. Күніне мыңдаған адамды ауру қылып, жазықсыз жандардың дәм тұзының таусылуына себеп болып отыр. Дегенмен вирусқа қарсы вакцина әлі дайын болмаса да жұқтырудың жоғарғы шегіне жетіп, аурудан айыққан елдердің бары көңілге үміт сыйлайды. Бүгін індет дәлелдеп берген шынайы жеңімпаз елдер тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Грузия
Грузияда 999 адам коронавирусты жұқтырып, 3,7 миллион тұрғыннан 15 адам қайтыс болды. Үкіметтің қабылдаған шараларын сарапшылар реактивті модель деп атады. Ақпан айының соңында пациентердің нөлдік деңгейіне қол жеткен соң билік әуе рейстерін тоқтатып, шекараны жауып тастады. Наурыздың басында мектептер, мәдени мекемелер мен тау шаңғы курорттары жұмыстарын тоқтатты. Көптеген қонақ үй, мейрамханалар наурыз айының ортасында жабылды, барлық мәдени іс-шаралар белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Грузияда төтенше жағдай 21 наурызда жарияланып, 22 мамырда тоқтатылды. Тбилисиде карантин жарияланғаннан кейінгі алғашқы күндері ондаған тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды. Оның ішінде грузиндердің ұлттық мерекесіне, ашық аспан астында жиналғандар да бар. Осындай кездесулерден кейін инфекция тарап, наурыз айында елдің шығысынан бастап екі аймақ толығымен карантинге алынды. Режимді бұзғандар 3000 лари (860 евро) айыппұл төледі. Бұл сәтте қызығы Тбилисидегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы медбикенің жалақысы 400 лари (115 евро) құрайтын еді.
Солай бола тұра 19 сәуірде болған Пасха мерекесі жағдайды ушықтырып жіберді. Мереке қарсаңында елде КОВИД-19 жұқтырғандардың 370 оқиғасы және үш адамның өлімі тіркелді.
Билік бір айдан астам уақыт бойы шіркеулерді жабу туралы патриархиямен келіссөздер жүргізуге тырысты. Бірақ 87 жастағы Илия II коменданттық сағатты мойындаудан бас тартып, Цминда Самеба соборында Пасха қызметін жеке өзі өткізетінін мәлімдеді.
Премьер-министр Георгий Гахария патриархпен қатаң қарама-қайшылыққа келе алмады. Өйткені қазан айында өтетін сайлау нәтижелері шіркеудің ұстанымына байланысты болатын.
Мерекеден бір апта бұрын төрт ірі қаланың қақпасы жабылды. Зиярат етуге де жол жоқ. Қалалардың ішінде жеке көліктің қозғалысы бес күнге тоқтатылды. Пасха литургиясына қатысқысы келетіндер шіркеуге жаяу барып, сол жерде түні бойы 21:00-ден 06:00-ге дейін жүруге рұқсат етілді. Ел Премьер-министрі Гахария әрбір грузинді «үйде болуға және шіркеуді қорғауға» шақырды. Ұлттық ауруларды бақылау орталығы директорының орынбасары Паата Имнадзенің айтуынша, егер сенушілер қызметке барса елде табыттар саны еселенетін еді.
– Дәрігерлердің шақыруымен адамдардың шіркеуге бармағаны бізге сәттілік әкелді, – дейді Transparency International грузин филиалының атқарушы директоры Эка Гигаури.
Пандемиямен күресте сәтті тактиканы таңдағаны үшін Грузия тұрғындары «Үш мушкетер» атанған үш ғалымға алғыс айтады.Трио құрамына Имнадзе, Ұлттық денсаулық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе және Грузияның бас вирусологы, Тбилиси жұқпалы аурулары, СПИД және иммунология орталығының директоры Тенгиз Церцвадзе кірді. Бұл топқа сонымен қатар Д’Артанян атанған - Тбилисидегі алғашқы университеттік клиниканың директоры Леван Ратианиді де қосуға болады.
– Біз әр миллион тұрғынға шамамен 30 мың сынақ жүргіздік. Науқастардың 86% сауығып кетті. Өлім деңгейі 1,6% құрайды, бұл әлемдік деңгейден аз, – деді Гамкрелидзе 30 маусымда.
Грузияда COVID-19 сынақтарын өткізетін 19 зертхана бар.
Қазірдің өзінде көптеген кәсіпкерлер, дүкендер мен мейрамханалар өз жұмысын ­бастады. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда маска кию міндетті болып қалған. Әлеуметтік шараларға қатаң әлеуметтік ережелер мен шектеулер қолданылады.
Үкімет ұсынымдарды бұлжытпай орындағаны үшін халыққа алғысын білдірді.
– Грузия көрші елдердің жағдайында арал мен гүлденудің оазисіне ұқсайды, бірақ бұл бізге тіпті бір минут демалуға негіз бермейді. Біздің күнделікті жетістігіміз ауруды толық жеңгенімізге сендірмеуі тиіс. Біз үнемі дайындықта болуымыз керек, – деді ­Гамкрелидзе.
БАӘ
Әмірлікте 55 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, олардың 335-і өлімге душар болды. Дегенмен 9 шілдеде далалық ауруханадан соңғы науқас Дубайда шығарылды. Қала оқшаулау режимінің ең ауыр кезеңінен бір айдан кейін шықты.
Әлемдегі ­коронавирусты анықтайтын ең сапалы тест және bluetooth арқылы вирустың таралуын бақылайтын қосымша құм үстіндегі халыққа айтарлықтай көмектесті. Дубайдың пандемияға қарсы әрекеті инновацияға негізделген. Дубайдың болашақ қоры кеңсесінде қазір ғалымдар жасанды өкпе желдеткіштерді жасап жатыр.
– Ақпан-наурыз айларында бүкіл әлемде мұндай желдету жүйелерінің саны 100000-ға жетпеді. Біз көмектесу керек екенін түсіндік. Жаңа вентилятордың прототипін жасай аламыз деп ойладық. Сондықтан жергілікті ғалымдар вентилятордың барлық функцияларын атқаратын тыныс алу аппараттарын шығаруға тырысады. Бұл дәрігерлерге, пациенттерге қажет ауа мен қысымды үйлестіруге жәрдемдеседі. Балаға қолайлы қысым ересек адамнан, сондай-ақ ол алатын оттегінің мөлшерінен ерекшеленеді. Болашақта біз жүздеген өнім шығаруды ­жоспарлап отырмыз, – деді зертхана меңгерушісі Халифа Алкама.
Өзін-өзі оқшаулау режимінің алғашқы кезеңінде Дубай қоғамдық орындарда вируспен күресу үшін дезинфекциялық дрондарды ойлап тапты.
– Бізге Дубай әкімшілігі қоңырау шалды. Олар ауылшаруашылық дрондарды залалсыздандыру үшін қолданғысы келді. Техника қоймада жеткілікті еді. Суды шашырату үшін арнайы жасалған пропеллерлер арасындағы ауа ағынының әсерінен қарапайым шашыратқыш жүйе жасауға мүмкіндік берді. Бұнымен сұйықтықтың мөлшерін реттеуге болатын. Резервуар мен аккумулятордың толық заряды болса, құрылғы 10-15 минутқа дейін ұша алады. Егер мен қателеспесем, бір сағаттың ішінде бір гектар жерді залалсыздандыруға болады, – деді Advanced Media компаниясының аға менеджері Пейман Горбани.
Мемлекеттік гвардиялық температураны өлшеуге, бет маскаларын оқуға және ультрадыбыстық көмегімен залалсыздандыруға мүмкіндік беретін ақылды дезинфекциялау қақпасын ойлап тапты.
Кәсіпорындар қайта қалпына келіп, адамдар ақырындап қарым-қатынас жасай бастаған осы сәтте Дубай вирусты бақылауда ұстайтын медициналық, мобильді және санитарлық инновациялардың қоспасын әзірлеуде.
Вьетнам
– Бүгін мұнда COVID-19 оқиғасы анықталмаған 88-ші күн. 100 миллионға жуық халық үшін бар болғаны 372 жағдай тіркелді. Олардың көпшілігі репатриациялық рейстерде жұқтырған. Барлық жолаушылар қатаң карантинге жіберілген, – деп жазды Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Байжанов Facebook-тегі парақшасында.
Емделушілердің арасында дәрігерлер жоқ. Жалғыз ауыр науқас – британдық ұшқышты вьетнамдық дәрігерлер өлімнен аман алып қалды. Қазір ол да өз үйінде.
Байжановтың пікірінше, COVID-19-ға қарсы тұруда бірнеше фактор шешуші рөл атқарған.

1. Вьетнамдықтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметті тиімді жүргізе алды.
– Менің ойымша құс тұмауы немесе SARS сияқты жаңа аурулар туралы хабар көп тарайтын Қытаймен көршілес болғандықтан вьетнамдықтардың аурумен күресте тәжірибесі мол болды. 2003 жылы олар SARS-тің SARS-COV деген ауруынан үлкен тәжірибе жинады. Мұнымен 68 адам ауырғанымен Вьетнам бұл ауруды бірінші болып жеңе білді. Олар инфекциямен шынымен тиімді күресті.
2. Вьетнамда ежелден «отағасы» сияқты институт сақталған.
Әр ауылда, ауданда, қалалық блокта тұрғындардың күнделікті өміріндегі барлық мәселелерді шешуге қатысатын және барлық мәселелерді білетін осындай құрметті адам – ақсақал бар. Ол қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздік органдарына ақпар береді. Ақсақалдардың арқасында вирус жұқтырған азаматтар мен олармен қатынаста болғандар тез анықталып, оқшауланды.
3. Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің құрылымы, өкілеттілігі және қуаты.
Олар вирустың барлық ықтимал тасымалдаушыларын қатаң оқшаулауды қамтамасыз етті. Тұрғын үйлер мен адам көп жүретін аумақтарды дезинфекциялады.
– Шетелден оралған біздің дипломатқа үкімет үй карантинінде болуды бұйырды, ал қарулы күзетші оның пәтерінің есігінің жанында екі апта бойы отырды. Көріп отырғаныңыздай, Вьетнамдағы індеттің алдын алуға мемлекеттің көзқарасы өте жауапты болды. Бұндай талаппен қандай той өтуі мүмкін?
4. Тәртіп, сана, ұстамдылық сияқты қасиеттері тоғысқан халық менталитеті.
– Сонымен қатар, мен бұл қасиеттер қорқыныштың көрінісі немесе мәжбүрлеудің салдары емес екендігіне сенемін. Азаматтардың мұндай қатынасы сыртқы қауіп-қатерге қарсы жұмылдырылған ұлттың ішкі бірлігінің, патриотизмнің көрінісі екені даусыз, – деді дипломат.
5. Бақытына орай, Вьетнамға эпидемияға қарсы тұрудың осы факторына көп қаржы қажеті жоқ екенін көрсетіп берді. Бірақ дайындық «соғыстағыдай» болғанына сенімдімін. Ең бастысы, онда дәрі-дәрмектерді, кез келген қорғаныс құралдарын дәріханалардан сатып алуға болады. Ал маскалар клиникалар мен супермаркеттерде тегін таратылды.
PS28 сәуірде Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия пандемиямен күресте жеңіске жеткенін жариялады. Алайда, 23 ­маусымда Оңтүстік Корея елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. 8 шілдеде Австралияның Мельбурн қаласында COVID-19 жаңа өршуіне байланысты 6 апталық карантин енгізілді. Сонымен қатар жаңа Зеландияда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелді. Сонымен бірге Түркіменстан мен Солтүстік Корея билігі бұл елдерде COVID-19 жоқ деп мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі аурумен күреске қыруар қаржы жұмсады. Десек те індеттің бақылаудан шығып кеткені жасырын емес. Енді жеңімпаз елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жағдайды жеңілдетуге тырысу керек. Қазақ жұрты да жақын аралықта әлемге аурудан айыққанын айтып, сүйіншілейді деген үміт басым.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 шілде 2020 ж. 343 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 70

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 62

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930