Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың не жасырғаны әлемге паш етілді

Қытайдың не жасырғаны әлемге паш етілді

Қытайлық вирусолог шындықты жайып салды!
Қытайда туып, Гонконг университетінің қоғамдық денсаулық сақтау институтында қызмет атқарған уирусолог Янь Лимэн (闫丽梦) FOX телеарнасына берген сұхбатында Қытай билігінің коронавирус туралы ақпараттарды жасырып қалуға тырысқан масқара тірлігін паш етті.
Вирусология және иммунология бағыттары бойынша зерттеу жүргізетін Янь Лимэн биыл сәуірде Гонконгтен АҚШ-қа қашып барған болатын. Оның айтуынша, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының кеңесшісі Dr. Leo Poon өткен жылы желтоқсан айында оны Қытайға САРС болуы мүмкін беймәлім індет туралы ақпарат алуға жұмсайды. Желтоқсанның аяғында ол Қытайдың індетті бақылау және аурудың алдын алу ұлттық орталығында жұмыс істейтін танысының аузынан жаңа вирустың адамнан адамға жұға бастағаны туралы мәлімет алып, оны өз бастығына жеткізеді. Ал бірақ, ДДСҰ 9 қаңтар күні Қытай тараптың хабарлауы бойынша жаңа вирус адамнан адамға жұқпайды деп мәлімдейді.
Янь Лимэнның айтуынша, ол қаңтар айының орта шенінде осы мәселе бойынша Dr. Leo Poon-мен тағы сөйлескенде, бастығы оған «Үнсіз қал», «Басымыз бәлеге қалады, жоғалып кетуіміз мүмкін» деп ескертеді. ДДСҰ-ның маманы Prof. Malik Peiris да тиісті ақпараттарды ала тұрып, ешқандай әрекен қолданбаған.
Оның айтуынша, Қытай билігі мен ДДСҰ арасында сыбайлас жемқорлық орын алған.
ДДСҰ оның айтқандарын жоққа шығарып отыр, ал Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі ондай адамды танымаймыз, білмейміз деп, ат-тонын ала қашты.
Айтпақтайын, Янь Лимэн Қытайдағы туыстарының қысым көріп жатқанын айтып шағымданды.
kznews.kz
12 шілде 2020 ж. 784 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930