Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » El Marco – әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір

El Marco – әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір

Заманауи көпірлер күрделі технологиямен, әсерлі дизайнмен жасалады. Бірақ көлемі кішкентай, көп қаржы қажет етпейтін халықаралық көпірлер де бар. Мысалы, El Marco. Оған әлемдегі ең қысқа көпір деген статус берілген.
Варзеа-Гранде атты Португалия ауылы мен Эль-Марко Испания ауылының арасында кішкентай бұлақ бар. Ол екі мемлекет шекарасының қызметін атқарады. Ұзындығы – 3,2 метр. Сондықтан оны әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір деп атайды.
Екі ауылдың бұрыннан қатар өмір сүріп келе жатқанына қарамастан ХХІ ғасырға дейін екеуінің арасында ресми көпір болмаған. ХХ ғасыр соңына қарай тұрғындар өздері қолдан көпір жасап алған. Тек 2008 жылы Ароншиш (Португалия) муниципалитеті толыққанды El Marco көпірін салады. 3,2 метрлік көпір құрылысына екі ел бірігіп қатысқан. Кейін El Marco Испания мен Португалия арасындағы ынтымақ символына айналды.
Көпірдің ені – 1,45 метр. Сондықтан одан тек жаяу жүргіншілер мен велосипед өте алады. Мұндай көлеміне қарамастан көпірдің халықаралық статусы бар.
Кейде Завикон мен Кіші Завикон аралдарын байланыстыратын 9,8 метрлік көпірді ең қысқа деп қате айтып жатады.
21 мамыр 2020 ж. 1 134 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930