Солақайлар туралы 13 қызықты факті
Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған. Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған. Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды. Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады. Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді. Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.
massaget.kz