Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Қазпошта» Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысына қатысты мәлімдеме жасады

«Қазпошта» Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысына қатысты мәлімдеме жасады

«Қазпошта» Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысына қатысты мәлімдеме жасады

ҚХР Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық өлкесінің поштасы жұмыс тәртібінде өз тарапынан пошталық жөнелтулер қабылданбайтынын және жіберілмейтінін жеткізді.
"Қазпошта" акционерлік қоғамы Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы пошта айырбасының тоқтатылуына қатысты жаңалық үлкен резонанс туғызды. Осы себепті мән-жайды түсіндірсек дейміз. Аталған хабарлама біздің клиенттерге Қытайдан келетін пошта тасымалының кешігуі ықтималдығын ескерту мақсатында таратылған", - деп хабарлайды "Қазпошта" компаниясының баспасөз қызметі. 
Қытайдың пошталық әкімшілігі Қазпошта мен ҚХР Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық өлкесі арасындағы дәстүрлі авто, авиа, теміржол қатынасын ресми түрде тоқтатпаған.
"Алайда ҚХР Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық өлкесінің поштасы жұмыс тәртібінде өз тарапынан пошталық жөнелтулер қабылданбайтынын және жіберілмейтінін жеткізді. Сол себепті, айырбас жүргізіліп жатқан жоқ. Айырбас қалпына келгеннен кейін барлық клиентке ол туралы хабар береміз", - делінген хабарламада. 
Сонымен қатар, Қазпошта поштаны қабылдау және жөнелту ісін қалыпты режімде жалғастыруда. 
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан хат немесе зат алу кезінде жаңа коронавирус жұқтыру қаупі жоқ екенін хабарлаған еді. Бұл туралы ДДҰ Twitter арқылы хабарлама таратты. Кейінгі зерттеулерге қарағанда коронавирус ағзадан тыс тіршілік ете алмайды. Сол себепті оны жұқтыру қаупі жоқ", - деп хабарлады Қазпоштадан.

09 ақпан 2020 ж. 149 0

Руханият

Қара қазанның қасиеті

Қара қазанның қасиеті

02 маусым 2020 ж.
Жезтырнақ

Жезтырнақ

31 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930