Instagram желісінде лотерея өткізетін адамдар жауапқа тартылады
Лотерея және лотереялық қызмет туралы заң жобасы Instagram-да лотерея өткізуге заңды түрде тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.
Мәжілісте лотерея және лотерея қызметіне өзгертулер енгізу туралы айтқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова лотерея операторының міндеті лотерея қатысушылары арасындағы ұтыстарды кездейсоқ таңдау екенін айтты. “2017 жылғы 10 ақпандағы 48-ші ҚР Үкіметі қаулысымен “Сәтті жұлдыз” акционерлік қоғамы лотерея операторы болып анықталды. Жаңа заңға сәйкес анықталған лотерея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыстарын төлеу, Қазақстан бюджетіне салық төлеу, спортты дамытуға төлемдер, сондай-ақ 3 мыңнан астам шағын бизнес субъектілеріне қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын құру мәселесін қамтамасыз етеді”, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. Парламенттің төменгі палатасы қарайтын заң жобасында лотереяны заңсыз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. "Бірінші рет заң бұзса, ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде бұған дейін ескерту алған адам тағы да лоторея ойнатса, оған әкімшілік айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін бұл 200 АЕК (бір АЕК – 2651 теңге), шағын бизнес субьектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін 700 АЕК, орта бизнес үшін – 1000 АЕК, ірі бизнес үшін – 2000 АЕК. Міне, осындай жауапкершілік жүктегелі отырмыз",- деді минстр. Сондай-ақ, министр лотерея атын жамылып алаяқтық жасап жүргендерге тыйым салу керек екенін де атап өтті. “Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде лотерея және лотерея қызметі туралы заңның лотерея операторы болып табылмайтын адамның тыйым салуына қатысты тәртібінің орындалуын қамтамасыз ететін ережелер жоқ. Қазақстан азаматтары лотерея қызметін ұйымдастырудың астарында алаяқтық жасау қаупі бар. Лотереялық қызмет атын жамылып алаяқтық қызметті жүзеге асырудан және жарнамада жалған лотерея қызмет туралы ақпарат таратуда ҚР азаматтары қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай лотерея операторынан басқа жарнамада “лотерея” сөзін қолдануға тыйым салу енгізіледі”, - деді министр Заң жобасында лотерея ережелерін бекіту және лотерея өткізу әдістеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Мәдениет министрлігіне өкілеттік беру арқылы лотерея қызметін тиімді және тиімді мемлекеттік реттеу тетігі енгізілген. “Бұл шаралар бір жағынан лотерея қызметі саласын дамытуды және ақпараттық технологияларды пайдалануды шектемеуге мүмкіндік береді, екінші жағынан, олар Мәдениет министрлігіне уәкілетті орган ретінде мұндай жаңалықтарға тез әрекет етуге және лотерея қызметі саласындағы заңсыз әрекеттерді тиімді шектеуге мүмкіндік береді”, - деді Раимқұлова. Министрдің айтуынша, бастысы - лотереяның заңсыз жарнамасын тоқтату. “Егер лотерея қызметін жарнамалау үшін пайдаланылатын болса, “лотерея” сөзін қолдануға тыйым салынады, бұл құқық лотерея операторы мен агент арасында жасалған келісім негізінде лотерея операторы мен дистрибьюторына, агентіне ғана тиесілі”, - деп түсіндірді минстр.