Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лотерея билеттері үшін әйелінен ұрыс естіген ер адам қомақты ақша ұтты

Лотерея билеттері үшін әйелінен ұрыс естіген ер адам қомақты ақша ұтты

АҚШ-тың Канзас-сити қаласының тұрғыны әйелімен ұрысып жатқан кезінде лотереядан қомақты қаржы ұтқанын білді. Бұл кезде әйелі оған лотерея билеттеріне көп шығынданатыны үшін ұрысқан екен.

Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Луи Кронавиттер лотереядан басты сыйлықты ұтып алған білген кезде таңғалған. Бұл жағдайға, әсіресе, оның жұбайы қатты таңданды. Себебі ол күйеуінің лотерея билеттеріне шығынданып, ақшасын босқа жұмсап жүргеніне сенімді болыпты. Ер адам лотереядан 22 мың доллар (8 млн теңгеден аса) ұтып алды.

Кронавиттер сыйлықты табыстау рәсімінде әйтеуір бір жеңетініне сенімді болғанын айтты. Ол мұнан әрі де лотерея ойнауын жалғастыра бермек. Бұл тағы да ұтысқа кенелудің мүмкіндігі, дейді ол.

Ер адам ақшаның бір бөлігін жергілікті шіркеуге бермек. Қалғанын отбасының қажетіне жаратады.
01 ақпан 2019 ж. 1 341 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930