Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Судың емдік қасиеттері

Судың емдік қасиеттері

Фирдейдона Батмангхелиджа: Қатерлі ісік дертінде немесе оның дамуын тежеуде күнделікті суды ішудің мөлшерін 2,5-3 литрден бастап 4 литрге дейін арттырып отыру қажет.

Қатерлі ісік дертінде немесе оның дамуын тежеуде күнделікті суды ішудің мөлшерін 2,5-3 литрден бастап 4 литрге дейін арттырып отыру қажет. Бұл емдік әдісті американдық дәрігер Фирдейдона Батмангхелиджа ұсынған. Мұндай мақсатқа мүмкіндігінше таза суды пайдаланған жөн екен. Өйткені таза су ғана ағзадағы қышқылдар мен шлакты шаяды, жуады, тазартады және ішкі клеткалары сауықтырады.
Кофе, шай, газды сусындардың өзін айтпағанда сүт пен шырындардың өзі судың орнын алмастыра алмайды. Көк шәй мен шырындардың емдік қасиеті зор болғанымен суды олармен салыстыруға келмейді деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Суды ішкенде оның өзіндік тәртібі, ағза мен салмаққа қарай мөлшері бар екендігін біле бермейтініміз анық. Мәселен, адамның салмағы 60 келі болатын болса оның ағзасына күнделікті 3.5 литр су қажет. Сонымен қатар суды тағаммен бірге немесе одан кейін қолданатын болса денсаулыққа айтарлықтай пайда әкелмейді. Мұндай кезде ішкен судан асқорту қиындайды әрі осының салдарынан көптеген ауру түрлері пайда бола бастайды.
Судың емдік қасиетін пайдалануда мына кеңестерге көз жүгіртіп көріңіз.
1. Таңертең ұйқыдан тұра салысымен 300мл.(1стаканнан көбірек) су ішіңіз. Мұндай су асқорту жолдарындағы қалдықтарды жақсы тазалайды.
2. Таңғы астан жарты сағат бұрын тағы да 300 мл. су ішеді. Бұл денедегі барлық клеткалары сумен қамтамасыз етеді. Таңғы астың құнарлы, пайдалы бөлігін ағзаға сіңімділігін жақсартады. Назар аударыңыз: суды таңғы аспен немесе астан соң бірден ішуге болмайды.
3. Күндіз екінші таңғы астың алдында 11.00-лер шамасында 300 мл. су ішеді. Мұның нәтижесінде асқорту жылдам әрі жеңіл болады, ауырсыну мен іштің ісініп желденуінен арылтады.
4. Екінші таңғы астан 2,5 сағат кейін тағы да 300мл. ішеді.
5. Түскі асқа дейінгі аралықта қажеттілікке қарай азырақ су ішуге болады.
6. Түскі астан 1 сағат бұрын тағы 300мл.суды қажеттілікке жаратады. Алайда оны аспен бірге немесе астан соң бірден ішуден аулақ болыңыз.
Судың денсаулыққа шипасы тигенін қаласаңыз бұл аталған емдік тәсілді дұрыс орындағанда ғана пайдасы бар. Егер бүйрегінде сырқаты бар науқастар судың мөлшерін арттырғанда залалы келуі мүмкін. Осы орайда мұны дәрігердің көмегі және кеңесімен ғана жүзеге асырады. Емдік шараның алғашқы аптасында бүйрекке салмақ салмас үшін алдымен ағзаны үйретіп алған дұрыс. Ол үшін жоғарыда атап өткен судың мөлшерінен жартысынан емді бастайды.
29 қаңтар 2020 ж. 1 230 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930