Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыстық аяқ киімге күтім жасай білесіз бе?

Қыстық аяқ киімге күтім жасай білесіз бе?

Әрбір мезгіл адамды әуре-сарсаңға салатыны белгілі.Сол секілді қыс мезгілі келді дегенше сол кезеңге байланысты аяқ киім іздеп,оның бізге ұзақ уақыт қызмет еткенін қалаймыз.Етікті таңдап алғаннан кейін оған күтім жасау қажет.Қыс мезгілінің суығына тоңбау үшін көпшілік әсіресе былғарыдан тігілген аяқ киімді таңдайтыны даусыз. Осындай аяқ киімді күтуді білесізбе? Білмесеңіз KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.

Ол үшін жалқау болмау қажет.Сондай-ақ,аяқ киім күтімін қолға алып,күнделікті жуып тазалап,қажетті кремдермен майлап болмаса су шалған жерлерін кептіріп тұруды ұмытпау керек. Егер де аяқ киімнің тез тозып кетпегенін қаласаңыз етіктің 2-3 түрін алып қойып ауыстырып кигенніңде пайдасы мол. Өйткені бірі су болса оның кебуіне көп уақыт кетуі мүмкін. Осындайда қалған етіктерді ойланбастан киіп кете бересіз.
Жаңадан сатып алған аяқ киімді бірден көшеге киіп шықпай оның өзіндік күту шараларын орындау қажет екен.
Біріншіден етігіңізді суды жұқтырмайтын, сіңірмейтін арнайы ерітіндімен сүртіп өңдеңіз. Ауа райы ашық болып, қар жаңбыр жаумаған күндері де мұны істеуге болады. Себебі, алдағы уақыттарда мұндай ерітіндінің қорғағыштық қасиеті сіздің аяқ-киіміңізді сақтап қалады. Сондай-ақ, жаңа аяқ киімді бірден қара түсті болмаса басқада кремдермен майламас бұрын оны түссіз креммен майлау қажет. Кейін етіктің түсіне байланысты кремді таңдай бересіз. Екі-үш рет кигеннен кейін аяқ киімге балшық жабысып, іші сулана бастайды.
Мұндайда етіктің ішіне газетті толтырып салып қойыңыз. Бұндай әрекет сіздің аяқ киіміңізді тез кебуіне септігін тигізеді. Сонымен бірге пішінін сақтауға көмектеседі. Газет болмаған жағдайда әжетханаға арналған қағазды қолдануға болады. Бұл қағаз да суды өзіне тез сіңіреді. Әбден суы кепкеннен кейін ғана крем жаға бастаңыз. Аяқ киімге жағатын кремді таңдағанда оның шыққан мерзіміне әрі сапасына көңіл аударуды ұмытпаңыз. Егер де сюасығыс болсаңыз, аяқ киіміңізді аз уақыттың ішінде кептіру қажет болса арнайы кептіргіштерді пайдаланып көрсеңіз де болады. Осындай күтімді дер кезінде жасап тұрсаңыз, аяқ киіміңіз мінсіз әрі көп уақытқа дейін өз қалпын сақтайды.
Әдетте аяқ киімді көшеге шығарда тазалап жатады. Алайда бұл дұрыс емес. Біріншіден, аяқ киім дұрыс тазармайды, екіншіден жаққан крем сіңбейді. Сонымен қатар шалбардың балағын құртады. Аяқ киімді жұмыстан келгенде тазартады, шаңын кетіріп, гуталин жағады да, бірер минуттан кейін щеткалайды. Шүберекпен ысқылап жылтыратады. Сосын аяқ киімнің басына шүберек не қағаз тығады.
Лакталған аяқ киімді өте ыстық немесе суықта кимейді. Суықта лагы жарылады. Ал ыстықта еріп, оңады. Лакты аяқ киімге үнемі вазелин, глицерин, костор майын жағу керек. 15-20 минуттан кейін әлгі жұмсартқыштардың сіңбегенін сүртіп тастайды, барқыт шүберекпен ысқылап, жылтыратады. Лакты аяқ киімдерді жылу жүйелерінен алыс, ораулы күйде сақьайды. Лакты кебіс не басқа бұйымдарды жұмыртқаның ағымен, пиязбен сүртсе жарқырайды.
28 қаңтар 2020 ж. 1 617 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 48

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 43

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930