Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыс мезгілінің денсаулыққа пайдасы

Қыс мезгілінің денсаулыққа пайдасы

Тұмау вирустары құрғақ ауада өзін жақсы сезінеді. Ал қыстың келуімен жылыту құрылғылары іске қосылатындықтан, көпшілік үйдің және мекеменің ауасы құрғап кететіні анық. Сондықтан қыс мезгілінде адамдар тұмаумен жиі ауырады. Бірақ бұл мезгілдің өз артықшылықтары бар.

1. Ұйқының қануы
Жасушалардың қалпына келуі, гормондар өндірісі және ағзадағы басқа да маңызды процестер циркадты ырғақтарға тікелей байланысты. Жатын бөлме жарық және жылы болса, бұл ырғақтар жаңылысып, терең ұйқыға батып кете алмайсыз. Сондықтан қыста бөлме қараңғы әрі суықтау болатындықтан жақсы тынығасыз.
2. Арықтау
Ағза суып кетпес үшін қыста майды энергияға жылдамырақ айналдырады. Сондықтан жаздан гөрі қыста саябақта жүгіру тиімді. Cell Metabolism журналында жарияланған зерттеу бойынша, суықта 15 минут жаттығу залда 1 сағат жаттыққандай нәтиже береді екен.
3. Аллергиядан арылу
Қыста тозаң да, шөп те, арамшөп те жоқ. Сондықтан аллергиясы бар адамдар қыста еркін жүре алады.
4. Жақындармен қарым-қатынастың жақсаруы
Ұлыбританиядағы Ньюкасл Университетінің ғалымдары адамдар суық күндері басқалармен кездескеннен гөрі ұялы телефонмен көбірек сөйлесетінін байқаған. Сондай-ақ олар үйде қалып, көп уақытын ең жақын адамдарымен өткізуге бейім келеді екен. Ал ол өз кезегінде адамдардың жақындарымен байланысының нығая түсуіне көмектеседі.
5. Ми жұмысының жақсаруы
Суық дұрыс ойлануға көмектеседі: температура төмен болған кезде адамдар тапсырмаларды жақсырақ шеше бастайды. Сондықтан кеңседе қандай да бір тапсырманы орындай алмай отсаңыз, аз уақытқа болсын далаға шығып келіңіз.
6. Ауырсынуды басу
Қандай да бір жарақатқа мұз салынған пакетті қолданып көрдіңіз бе? Сол сияқты қысқы ауа бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну мен ісінуді басады.

10 қаңтар 2020 ж. 1 187 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 43

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 39

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930