Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда өршіген пневмонияның себебі анықталды

Қытайда өршіген пневмонияның себебі анықталды

Сарапшылар анықталған ауру түрлеріне клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.
Қытайдың Ухань қаласында белгісіз вирустық пневмонияның өршуіне коронавирустың жаңа түрі себеп болды.Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары вирусты зертханалық зерттеу жүргізген мамандар тобына сілтеме жасап хабарлады.
«7 қаңтар күні сағат 21: 00-де зертханалық зерттеулердің бірінде коронавирустың жаңа түрі анықталды, сынақ барысында нуклеин қышқылының әдісі бойынша жасалған сынамадан аурудың 15 түрі расталды», - делінген хабарламада.
Сарапшылар анықталған ауру түрлеріне клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының соңында Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабар тараған болатын. 5 қаңтардағы жағдай бойынша қалада вирустық пневмонияның 59 жағдайы анықталды, жеті адамның жағдайы ауыр.
09 қаңтар 2020 ж. 697 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930