Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кей түс сәттілік әкеледі: Жаңа жылда қандай түс трендте

Кей түс сәттілік әкеледі: Жаңа жылда қандай түс трендте

Жаңа жыл қарсаңында саудагерлердің ғана емес, астролог пен нумерологтардың да жұмысы көбейіп, кәдімгі кәсібі қызып жатыр. Жұлдыз-жорамалшылар келер жылы қандай түс бақыт әкеліп, қай реңдегі киімдер сәттілікке баланатынын жарыса жариялауда.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Және қызыл десе қызыл, ақ десе ақ түсті киім сатып алып, айтқандарына шүбәсіз сенетіндер аз емес. Туған айың мен күніңе қарап, сәттілігіне серік болатын түсті анықтай салу сәуегейлік пе, бизнес пе, әлде біз білмейтін сиқыр ма? Жалпы мұндай дүниеге сену қаншалықты дұрыс?
Зәуре астролгия мен нумерология мамандарының кеңестеріне жиі құлақ түреді. Мәселен, оған сұр мен ақшыл түстер 2020 жылы бақыт әкеледі депті. Осы бойда бойжеткен дүкенге барып, солар айтқан түстерді сатып алуға асыққан.
«Жұдыздар бойынша көк келмейтіндіктен, сұр түс араласып тұр. Бірақ маған қара ұнайды. Көйлегім сол сұр түсті болуы мүмкін. Әмиянды қызыл түсті аламыз ақшамыз болсын деп. Талисман деп айтып жатамыз, осымен құтқару үшін солай болады ғой. Иә ойлаймын, түс болашақта саған көмектесуі әбден мүмкін», - деді тұрғын Зәуре Жайнақова.
Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керектігі жайлы астролог мамандар әлемжеліде жарыса жазуда. Тіпті, біреу жұлдызнама бойынша таңдау керек десе, нумерологтер сандарға назар салу қажеттігін айтады.
"Жалпы мерген, арыстан, тоқтыларға металл түстері сәтті болады. Ал су белгілері үшін көбіне көк, ашық түстері бақыт алып келеді. Торпақ, бикештерге, тауешкілерге ашық күлгін түстерді кию керек", - деді астролог Камила Дэви.
Нумерологтердің да пайымы сол. Сандарды сөйлететіндердің сөзінше, биыл ақ түске мән берген дұрыс. Сондай-ақ, әр адам жылының соңғы санына сәйкес түстерді де таңдағаны дұрыс.
"2020 жылды ақ түспен қарсы алған дұрыс. Барлық адамдар сол түспен қарсы алған дұрыс! Жылыңыз 81, 90, 91 болса - ақ, сұр және күлгін түс сәттілік алып келеді, 2-3 санымен аяқталса, қара түс сәтті болмақ, 85, 84, 65-тер жасыл ағаштың түсі сәттілік алып келеді, 87 болса оттың түсі, 88-89 болса топырақ түстер позитивті энергетика береді", - деді нумеролог Құралай Бақытқызы.
Десе де нумерологтер мен астрологтердің мұндай уәжіне тұрғындардың басым көпшілігі сенсе, өзгесі күмәнмен қарайтындарын жеткізді.
"Астрологияға сенуге болады, өз басым сенбеймін!
Сенбеймін, әркімнің өз қызығуына байланысты ғой! Қалаған түсін істедеді ғой", - деді тұрғындар.
Ал қоғам белсенділері астрологияның сәуегейлікке теңеп отыр. "Байлауы жоқ бос дүниелер мен пайда келтірмейтін істерден бойды аулақ ұстағаны абзал", дейді Оңаш Мәжітова.
«Жаңа жылда мынадай киім киіп шық деген мүлдем сенбеймін. Оған шақырмас едім. Жай алданып, ақ бұлтта жүргендей сезініп. Бұл тіпті дұрыс емес деп айтар едім жастарға. Мүмкін ол стимул болатын шығар сізге, жақсы болады екен. тырысып көрейін деп ақылға салсаңыз пайдасы болады», - деді қоғам белсендісі.
Осылайша астрологтер жұлдызнамаға қарап бал ашса, нумерологтер сандардың құдыретіне сай түс таңдау керек деген болжам жасауда. Бірақ оған сену-сенбеу әркімнің өз еркі.
25 желтоқсан 2019 ж. 1 464 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 40

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 36

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930