Әуен ойнап тұрғанда билеп ал
Харуки Мураками – жапон жазушысы, аудармашы. Оның бірнеше бестселлер кітабы бар. Солардың мазмұнынан ұтымды ойларын оқи отырыңыз.
► Қателік – өмірдегі леп белгісі, өмір онсыз болмайды, алайда мәтіндегі секілді оның да аса маңызы жоқ.
► Дауыл бір күні аяқталады. Алайда сен одан қалай құтылып шыққаныңды да есіңе түсіре алмайсың. Маңыздысы оған кірердегі адам мен шыққан адамның айырмасы жер мен көктей.
► Менің өміріме адамдар қалауы бойынша келіп-кете береді. Олардың барлығына ортақ қағида: кірерде – аяғын сүрту, шығарда – есікті жауып кету.
► Көп күтпесең, көңілің де орнында.
► Ешкімге ұқсамайтын ерекше жан болуға әркімнің хақы бар.
► Маған жалғыздық ұнамайды. Алайда кез келген адаммен танысып, араласа кетпеймін. Кейін олар көңілі суып қалмауы үшін...
► Уақыттың сырғып жатқаны өкінішті. Өткен шақ ұзара береді, болашақ қысқара береді. Бәрінен де ең өкініштісі сол – түк істеп үлгермегенің.
► Барлығы өткінші екеніне сен. Тіпті ең жаман деген нәрсенің өзі әйтеуір аяқталатын уақыты болады. Ештеңе мәңгілік емес.
► Көктем – әлденені бастауға ең жақсы мезгіл.
► Біреуді алдағыңыз келсе, сол өтірікке алдымен өзіңіз сеніңіз.
► Көбіне әлемдегі ең маңызды нәрселер ұсақ-түйектен басталып жатады.
► Мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да қателіктің аты қателік, одан ешқайда қашып құтыла алмайсыз.
► Бұл жалғанда қате пікір жоқ. Жай ғана ол біздікіне сәйкес келмейді.
► Жаныңда қолдаушың болса, ұшу да оңай.
► Би – өмірдің шағын көрінісі. Тоқтамай биле. Еш мәні болмаса да билей бер, бәрібір ештеңенің мәні жоқ, болмаған да. Айналаңда барлығы ақымақ көрінсе де мән берме. Ырғаққа ілесіп билей бер. Сенің басты жауың – шаршау. Бұл барлығының басында болады. Барлығы өзіңе қарайтындай биле. Әуен қосылып тұрғанда билеп ал...
► Қиялдауға ақшаның керегі жоқ.
► Ойыңды айтатын ешкімің жоқ болса, ойлар өзара сені бөлісе бастайды.
► Қанша тырыссаң да, ауырып тұрған жерің ауыра береді.
► Өмірде кей нәрселер тек жалғыздықта туады, ал кей нәрселер тек жұп болғанда... Екеуін жарастыра білсең ғана жақсы, ал шатастыруға мүлде болмайды.