Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды темекі адамға кері әсер тигізеді

Электронды темекі адамға кері әсер тигізеді

Электронды темекі шегетін адамдарда әртүрлі жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болады. Германияда Майнц университетінің медициналық орталығының ғалымдары ғылыми эксперимент жүргізді, деп хабарлады life.ru.
Экспериментке темекі шекпейтін, дені сау 20 ерікті қатысқан. Олардың ағзаларында электронды темекіні алғаш рет қолданып көргеннен кейін-ақ өзгерістер пайда бола бастаған. Олардан жүректің жиі соғуы, артериялық қысымның жоғарылауы тіркелген.
Сондай-ақ электронды темекі буының қан айналымы жүйесінің негізгі қорғаныш тіні болатын эндотелийдің жұмысын бұзатыны анықталды. Бұл жүректің жиі соғуы мен қан қысымының жоғарылауына әкеліп соғады, мидың зақымдану қаупін арттырады және ішкі тіндерге зақым келтіруі мүмкін.
Зертханалық тәжірибелерде ғалымдар қан тамырлары жұмысының бұзылуы электронды темекіден бу шыққан кезде пайда болатын NOX-2 ферментімен байланысты екенін анықтады. Қалыпты жағдайда ол ағзаны бактериялардан қорғайтын қорғаныс қызметін атқарады.
syrboyi.kz
15 қараша 2019 ж. 1 926 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 207

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 141

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031