Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңалықты өз пайдаңа шеш

Жаңалықты өз пайдаңа шеш

Ньюсджекинг PR үшін тың нәрсе емес. 2011 жылы маркетинг маманы Дэвид Мирман Скотт "Newsjacking: How to inject your ideas into a breaking news story and generate tons of media coverage" атты кітабында ньюсджекингтің қазіргі қолданыстағы мағынасын жазды:
Ньюсджекинг – жұрт жаппай талқылап жатқан жаңалық пен брендтің интеграциясы.
Бұл әдіс бренд жарнамасы үшін тиімді, себебі ұтымды ньюсджекинг аудиторияның назарына жаңалықтың лебімен ілігіп кетеді, тез таралады, көп қаралады. Бір мысал – 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы.
Қысқы олимпиаданың ашылу салтанатында жарыстың символикасы саналатын алты сақинаның біреуі толық ашылмай қалды.
Бүкіл әлем куә болған бұл жағдай біраз әңгіме болды. Оны біршама компания ньюсджекинг ретінде пайдаланып кетті. Солардың ішіндегі ең ұтымдысы – Audi компаниясының жарнамасы.
Жарнамада "Cаған керегі – төрт сақина" деп жазылған. Ньюсджекинг әрдайым сәтті бола бермейді. Әдептен озбай, ұтымды, тиянақты, дер кезінде жариялаған брендтермен қатар, жұрттың ашуын келтіріп, қарғысының астында қалған, сәтсіз ньюсджекингтер де бар. Неге? Уақыт пен оқиға дұрыс таңдалмаған, сөздер орнымен қолданылмаған және тағы басқа себептері болуы мүмкін. Назарыңызға сәтті ньюсджекингтің 9 қағидасын ұсынамыз.
1. Уақыт
Көптің талқысына түскен тақырып ары кетсе үш күн өмір сүреді. Кемі 24 сағатта ұмытылып кетуі мүмкін. Сондықтан дер кезінде креативті іске қосып, жаңалықты пайдаланып үлгеріп қалу керек.
2. Эмоция тудыратын контент
Жақсы контент адамдарға әсер ете алады. Оның проблемаға немесе қоғамдағы жағдайға назар аудартатын тұсы болады.
3. Жаңалықты дұрыс таңдау
Жарқ еткен кез келген оқиғаға жабыса беруге болмайды. Жаңалықты брендтің табиғатына сай таңдап, соған лайық контент жасай білу керек.
4. Ньюсджекингтің компанияға әсері
Жарнама кампаниясының мақсаты – брендтің репутациясын қалыптастыру. Ньюсджекинг те – репутацияның бір бөлігі. Компанияға қаншалықты әсер ететінін, табыс әкелетінін де алдын-ала саралау керек.
5. Түсінікті контент
Ньюсджекинг қосымша түсініктеме беріп отырмайтындай бір оқығанда түсінікті болуы тиіс.
6. Контекст жарнама
Егер жақсы жарнама ұранын жасасаңыз, контекст жарнама жасауды да ұмытпаңыз.
7. Жаңалыққа құрметпен қараңыз
Компания маркетологтары жаңалыққа құрметпен қарауы тиіс. Табиғи апат, соғыс, өлім сияқты бір тарапқа ауыр тиетін жаңалыққа ньюсджекинг жасау орынсыз.
massaget.kz
05 қараша 2019 ж. 1 079 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930