Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз елінің заңдарын жазған қазақ екенін білесіз бе?

Қырғыз елінің заңдарын жазған қазақ екенін білесіз бе?

КСРО тарағаннан кейін посткеңестікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттер алғашқы кезекте өздерінің конституцияларын қабылдады. Өзбекстан – 1991 жылы, Түркіменстан – 1992 жылы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы – 1993 жылы, Беларусь, Молдова, Тәжікстан – 1994 жылы және Әзірбайжан, Армения, Грузия – 1995 жылы, ал Украина – 1996 жылы.

Алғашқы қабылдаған Конституция мемлекет іргетасын қалаған ең қажетті құқықтық механизмдерді бекітті. Оған сол Республикалардағы білікті құқықтанушылар тартылды. Солардың қатарында, жерлесіміз, білікті құқықтанушы Серіқұл Қосақов Қырғызстан Республикасының Негізгі заңын жасаушылар қатарынан табылды. Ол 1993 жылы 5 мамырда қабылданған Қырғыз Республикасының тұңғыш Конституциясының авторы – тәуелсіз елдің Конституциясын жазу үшін ұйымдастырылған арнайы жұмысшы топтың жетекшісі болды.
Бұған дейін, Қырғызстанның «Мемлекеттік тіл туралы», «Қырғызстанның суверенитеті туралы», «Азаматтық туралы» (1989-1993 жылдар аралығында) заңдарды жазуға қатысқан болатын.
Серіқұл Қосақов – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында 1945жылы дүниеге келген. Туған ауылында 7 жылдық мектепті бітірген соң, көршілес Бішкек қаласында тұратын ағасына шайтан арбамен барып, осында оқуын жалғастырады. Қырғызстан астанасындағы бірден-бір айтулы қырғыз ұлттық гимназиясын үздік дипломмен бітірген оған қырғызағайындар арасында өмір сүруге жазады. Баласағұн атындағы Қырғыз университетінің Заң институтында Конституциялық құқық факультетінің деканы, Әділет министрінің бірінші орынбасары, Республикалық Төрелік сот төрағасы лауазымында жауапты қызметтер атқарады.
Туған жерден өкшесі көтерілген ұл, туғандарынан жібін үзген емес. Әр жылдары туған жерге келіп, тағзым етуді ұмытпаған. Қырғызстан қазақтары Ассамблея төрағасының орынбасары ретінде өз ұсыныстарын Қазақстан үкіметіне беріп отыруда ұмытпаған. Әттең, 1995 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайында қазақ-қырғыз берлескен университетін ашып, оған Қазақстан президентінің есімін беру туралы өтінішінің жауапсыз қалғанына налып-ақ өтіпті. Бұл күнде Серіқұл ағамыз ортамызда жоқ. Өмірінің соңында Бішкек қаласындағы Манас көшесіне Мұхтар Әуезовке мемориалдық тақта орнатқаннан кейін 2013 жылдың 15 шілдесінде дүниеден өтіпті.

29 қазан 2019 ж. 1 282 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930