Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мың бір ауруға ем

Мың бір ауруға ем

Оқырмандарға күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын көкөністердің қасиеттері мен пайдасы туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.
Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған. Өйкені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табыттарынан табылған.
Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақтарды сұйықтықтар құятын ыдыс ретінде қолданған. Орыстардың 1926 жылы жасаған экспедициясының нәтижесінде жабайы асқабақтар Африканың солтүстігіндегі мекендерден табылған екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Ол күллі әлемге сол жерден таралған. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар.
Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.
Асқа­бақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген­дерге ем ретінде қолданылатын асқа­бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.
massaget.kz

22 қазан 2019 ж. 857 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930