Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызнамалардың құпия қабілеттері

Жұлдызнамалардың құпия қабілеттері

Әр адам-жеке тұлға. Бірақ жұлдызнамаңызға қарап ортақ сипаттарды табуға болады. Әрбір зодиактың өзіне тән құпия қаруы бар.

Ең мықты тұлғалар – балықтар
Астрологтар ең күшті зодиак иелері балықтар дейді. Олардың күші қайда деп сымбатына көз сүзудің қажеті жоқ. Олар қоғамдық қатынастарда өте сезімтал. Сыртқы ортамен гармониясы мықты. Балықтар нәзік болмысты деп бағалауға асықпаңыз, олар сезімтал. Балықтар білегімен емес жүрегімен мықты!

Ең тартымды адамдар – тоқтылар
Олар ылғи ортасына жағымды энергия бөледі. Жігерлі, белсенді өмір сүруге ұмтылады. Табандылығы байқалады. Сыртқы сұлулығы маңызды емес, олар сұқбаттасқан адамдарын тұтқындайды. Тоқымен бір әңгіме айтқан адам, өзге адамдардың әңгімесін қомсынатын болады.

Ең талапшыл адамдар – Сарышаяндар
Шаяндар кекшіл келеді. Оларды ашуландырмауға тырысыңыздар. Әйтпесе оңбай қаласыз. Қызба мінезді шаяндардың ойын өзгертуі қиын. Шаяндар талапшыл. Табанды еңбек етеді. Жақын адамдарға жаман қасиетін көрсетпегенді құп алады.

Ең тұрақты ой иесі – бикештер
Бикештер - біреуді ұнатты дегенше, біреуге тәуелді болды деген дұрыс шығар. Себебі, бикештер кез келге сезімге тұрақты. Ең әрісі проблемаларына да бауыр басып қалады. Ол оқиға өтіп кетті ма? Бикештерге ол қызық емес, еске түсіріп айтып тұрады.

Ең сұлу зодиак – Мерген
Олар табиғи сұлу. Табиғат бермесе, жұлынып өзіне күтім жасап, өзіне қажетін алады. Мергендер кербез, ұқыпты. Салақ болып көрінетіндері  ойдың адамы. Несі бар, олар келбетін, яки болмысын сұлу етеді.

Өздерін бақытты сезінетін зодиак – егіздер
Егіздерде оптимизм үстемдік етеді. Олар жағымды моцияның лидерлері. Қажет уақытта қажет орында бола алады. Ойлап қалмаңыз, Францияға барамын дап, Парижде жүреді екен деп. Олар кімге көмек керек? Сол адамның жанына сая болады.

Отбасылық бақыттың ұйытқысы – шаяндар
Шаяндар үшін отбасылық құндылық биік. Біреулер бақытты қоғамда белсенді өмір сүру деп ұғады. Шаяндар отбасы мүшелері тұтас қуанса ғана күле алады. Олар көпшіл. Досыңыз шаян болса, қуаныңыз!

Ең өзімшіл – арыстан
Аңның патшасы арыстан болса, зодиактардың басшылыққа бейімі-арыстан. Жомарт әрі көпшіл арыстандар істің адамы. Тындырымдылығына қарай, мақтануға да бейімі жоғары. Олардың өзін бағалауы жоғары деңгейде.

Ең қарапайым – Таразы
Кейбір адамдар болады ғой, қолына сағат бітсе әлемдік уақытты басқаратындай болып жүрген. Бұл зодиактағылар шведтік сағат тақса да, зәулім сарайда тұрса да, қарапайым болмысынан жырақтамайды.

Тауешкі – ең жұмбақ жаратылыс
Қуанышты хәлде күлетін, мұңайса жылайтын сен де, мен де пендеміз. Тауешкілер не ойлағанын білу қиын. Ол бәріне бейжай қарайды. Мүмкін ол ішінен ойлайтын шығар барлық ситуацияны. Бірақ сыртқа ештеме білдірмейді.

Суқұйғыш – ғажайып болмыс
Әр қадамы - идея. Қиял мен шығармашылық идеяның кені. Аралас та, тегін идеясын ресурс ретінде қолдан. Олар ойдың, сөздің адамы. Іске асатын ойы сирек. Бірақ өте ұтымды. Суқұйғыштар Энштейннің «жалқау» форматы.
22 тамыз 2019 ж. 1 367 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031