Тілсіз қалған халық бар

БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі сарапшылары әлгі 40 пайыз дегеніңіз 2 800 тіл екендігін айтады. Егер әлемде 7000 тіл барын ескерсек, көп ұлттар мен ұлыстардың тілі құрдымға кетіп барады. Тіпті кейбір тілді бірнеше адам ғана біледі. Олардың әрқайсысы соңғы демі біткенше мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр.
Ежелгі халықтардың тілі әлемдік қауымдастықты сақтап қалу үшін аса қажет екен. Оның негізінде дәстүрлер мен қоршаған орта және мәдениетаралық қарым-қатынастың қалыптасқан өзегі жатыр. Олар ортақ тіл табысуға және адамзатты сақтап қалуға дәнекер. Алайда көптеген ұлттар өз тілінде сөйлегені үшін құқынан айырылған. Саяси және басқа да қысымға ұшыраған. Мәдениетін жоғалтқандардың болашақта өздері де жоғалатыны анық. Осыдан да болар, БҰҰ осы онжылдықты «Ежелгі халықтар тілі» деп жариялаған. Сарапшылар БҰҰ-ға мүше елдердің басшыларын ежелгі халықтар тілін, құқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға шақырып жатыр.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ