Кроссовка киген денсаулыққа қауіпті ме?
Дәрігерлер спортқа арналған «дұрыс емес» кроссовканың зиянын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ақпараттық агенттігі Medicalxpress сілтеме жасап.
Ортопед-дәрігер Кристина Роу-Бауэрдің айтуынша, ыңғайсыз аяқ киім жайсыздық пен ауырлық тудырғаннан бөлек, табан фасциитіне (сіңірді зақымдайтын қабыну процесі), стресстік сыну, сондай-ақ, аяқ тырнақтарының сынуына алып келуі мүмкін.
Маман кроссовка таңдағанда табан типін, жүгіру стилін және жер бедерін ескеруге кеңес берді.
Дәрігерлер аяқ киім сатып алуды күн соңына қалдыруға кеңес береді. Себебі кейін табан қысылмауы үшін аяқ біраз ісіп тұруы қажет. Кроссовканың өлшемін таңдап отырған кезде оны спорттық шұлықпен киген дұрыс.
«Жүгіріс кезінде саусақтар қысылмауы үшін басы жалпақ аяқ киім таңдаңыз. Жақсы аяқ киім таба алмасаңыз, болашаққа қосымша тағы біреуін алуды ойлаңыз. Бірақ бірнеше жылға бірден алудың керегі жоқ, себебі жыл сайын табан өлшемі өзгеруі мүмкін», - деді дәрігер.