Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңғы ас ішпейтін адамның қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды

Таңғы ас ішпейтін адамның қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды

Бразилиядағы Сан-Паулу университетінің медициналық мектеп ғалымдары мен еуропалық зерттеушілер таңғы ас ішпейтін жасөспірімдердің семіздікке, сондай-ақ екінші типтегі диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін екенін анықтады.
MedicalXpress хабарлауынша, зерттеушілер Еуропада тұратын 12,5 – 17,5 жас аралығындағы және 14-18 жастағы бразилиялық 3528 жасөспірімнің денсаулығына қатысты деректерге талдау жүргізген.
Бұл балалардың өмір салты (физикалық белсенділігі мен жейтін тамағын қоса алғанда) мен түрлі ауруларға шалдығу қаупінің арасындағы байланысты зерттеуге мүмкіндік берді. Мамандар оларды дене салмағын, бойын, белінің өлшемін есептеген.
Зерттеу нәтижесінде ғалымдар таңғы асты анда-санда ғана ішетін жасөспірімдер күнделікті тамақтанатындарға қарағанда семіздікке жиі шалдығады деген қорытындыға келеді. Таңғы ас ішпейтін ер балалардың белі басқалармен салыстырғанда 2,13-2,61 сантиметрге, ал қыздардың белі 1,97 сантиметрге ұзын болған. Балалардың салмағы да жақсы ұйқыға қарамастан артып отырған.

27 шілде 2019 ж. 1 428 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930