Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші "Қазақстанның құрметті азаматы" төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жаңалығымен бөліскен болатын. Осылайша Гүлнұр Оразымбетова шендер мен марапаттар бойынша Халықаралық комитеттің атынан атақ алды. Ол спортшы Әділбек Ниязымбетовпен түскен суретін жүктеп, қуанышын жасыра алмаған.

"Қазақстанның құрметті азаматтары. Құттықтауларыңызға көп рахмет", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Мұны көрген желідегі жұрт әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырған. Желідегілер өнер иесінің құрметті азамат атануға әбден лайық екенін жарыса жазды. Олар осылайша өнер иесіне деген адал ниеттерін білдірді.

"Лайықты адамсыз", "Ең биік белестерден көрініңіз", "Марапатыңыз құтты болсын", "Құрметіңіз арта берсін", "Гүлеке сіз гүлсіз", "Өте қарапайымсыз", "Еңбегің елене берсін", "Қазақстанның әрбір азаматы осы атаққа ие болсын", "Әнші қыздардың ішіндегі жақсы көретін қыздардың бірісің, жасанды қылық жасамайсың, сахна мәдениетін білесің, сұлусың, бақытты бол", - деп пікір білдірді жұрт.

25 шілде 2019 ж. 3 872 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031