ЖРВИ бойынша жағдай: 70 науқас ем қабылдауда
Тыныс алу жолдарының және өкпенің клиникалық және морфологиялық ұқсас жедел қабыну ауруларының жалпы термині, тыныс алу жолдарының кірпікшелі эпителийіне тропиктік вирустар тудырады. ЖРВИ 200-ден астам түрдегі вирустан туындайды. Кейбір жағдайда қоздырғыштардың бірнеше түрі бір мезгілде туындауы мүмкін. ЖРВИ әртүрлі инфекцияны қамтиды. Соның ішінде тұмау және тұмауға ұқсас ауру, сондай-ақ суық тию, сирек ауыр жедел респираторлық инфекция ретінде пайда болуы мүмкін.Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды. Оған – тұмау вирусы себеп. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі А, В және С кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.
Бүгінде аудан бойынша жедел респираторлық вирусты инфекциясы және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен аптада жаңа эпидмаусымда ЖРВИ-дің 100-ден аса жағдайы тіркелді. Қазалы көпбейінді аурухана бас дәрігері Қадырбек Алипов вирустың алдын алу шаралары жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Бас дәрігердің айтуынша, тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі. Көбірек тынығу ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен, яки дағдылы еңбек қызметінен бас тарту керек. Өйткені ол аурудың асқынуына себепкер болуы ғажап емес.
Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру. Дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті дейді сала маманы.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөлімінде 70 адам емделуде. Оның ішінде 20-сы ересек болса, 50-і 18 жасқа дейінгі жасөспірім, 10 жүкті әйел мен 1 жасқа дейінгі 9 бала бар. Негізінен ауруханаға дене қызуы 38 бен 40 градусқа дейін көтерілгендер жатқызылған. Оларға күнделікті аурухана тәртібі бойынша вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, қажетті антибиотиктер егілген. Соның нәтижесінде науқастар құлан таза айығып, қатарға қосылуда. Ал дене қызуы төмен сырқаттанушыларға үй жағдайында емделуге кеңес берілді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА













