Ауа райы күрт бұзылады - Қазгидромет
Фото: istockphotoҚазгидромет 24 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысында жауын-шашын, түнде облыстың шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады.
24-26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, түнде қөқтайғақ, бұрқасын болжанған. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
24 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Абай облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанған. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болжанған. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
24 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.













